Ата - ана алдындағы борыш дегенді қалай ойлайсыздар
Сабақ тақырыбы
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі: «Көп күттірген қонақтар» (7-сынып).
Оқу мақсаттары
- Әдеби жанр түрлерін даму барысында жаңашылдығы тұрғысынан бағалау.
- Көркем шығарманы заманауи көзқараспен талдап, тұжырым жасау.
Сабақ мақсаттары (бағалау критерийлері)
Барлық оқушылар
Әңгіменің мазмұнын алдын ала бөлінген бөліктер бойынша түсіндіреді.
Оқушылардың көпшілігі
Әңгімені заманауи тұрғыдан зерттеп, дәлелді пікір ұсынады.
Кейбір оқушылар
Әңгімені түрлі көзқарас тұрғысынан бағалап, салыстырмалы талдау жасайды.
Тілдік мақсат
Оқушылар әңгімені заманауи тұрғыдан зерттеп, түсінік қалыптастыру үшін талдайды және пікірталасқа қатысады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер
Әңгіме ішіндегі төмендегі сөздердің мағынасын ашу:
Құндылықтарға баулу
Ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы оқушыларды ата-ана алдындағы жауапкершілікке баулу.
Түрлі көзқарасты талдап, оны өз пікірімен салыстыру арқылы ойын ашық әрі дәлелді жеткізу дағдысын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс
- Әдебиет
- География
- Өзін-өзі тану
Алдыңғы оқу
Талқылау сұрағы: «Ата-ана алдындағы борыш дегенді қалай түсінесіздер?»
Саралап оқыту тәсілі
Көркем шығарманы талдау барысында саралау тапсырмалары қолданылады: әрбір кейіпкердің сөйлеу ерекшеліктерін зерттеп, өзара салыстыра талдау.
Сабақ басы (7 минут)
1) Ұйымдастыру
«Шаңырақ» тренингі: ата-анаға арналған жағымды сөздер мен нақыл сөздерді айту арқылы «уық қадап, шаңырақ көтеру» бейнесі негізінде жылы, ынтымақты орта қалыптастыру.
«Анаға сәлем» әнінен 1 шумақ айтып, шаңырақ болып шеңберге тұру.
2) Топқа бөлу
Туыстық атаулар арқылы топқа бөлу:
I топ
Ата
II топ
Әже
III топ
Бала
IV топ
Немере
3) Тақырыпқа енуге арналған қосымша сұрақтар
- Жеті атаны атаңыз.
- Отбасының дастархан басында отыру ережесін кім біледі?
- Жиеншардың туыстық жақындығын атап беріңіз.
Оқылымалды тапсырма
I әрекет: жеке жұмыс
Бағалау критерийіБерілген сұрақтар бойынша пікірталасқа қатысып, жауаптарды деректермен негіздеу.
Талқылауға арналған сұрақтар
- Қонақтың неше түрі бар?
- Ерғабылдың үйіне келген адамдарды «қонақ» деуге бола ма?
Дескриптор
- Оқушылар сұрақтарға нақты деректерге сүйене отырып жауап береді.
Сабақ ортасы: оқылым және талдау
II әрекет: топтық жұмыс
Бағалау критерийіШығарманың негізгі тақырыбы мен идеясын кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекеттері арқылы «Балық қаңқасы» әдісімен ашу және проблемалық сұрақтарға жауап іздеу.
Дескриптор
- «Балық қаңқасы» әдісі арқылы проблемалық мәселенің себеп–салдарын анықтайды.
I топ
Сапабектің тоғышар, сезімсіз, қатыгез болып өсуіне кім кінәлі?
II топ
Сапабектің ата-анасына қарасуға «жұмысбастылық» пен «жақсы маман болу» себеп бола ала ма?
III топ
Ерғабыл қарттың қалаға көшкісі келмеуінің себебі неде? Себептерін дәлелдер арқылы қорытындылаңыз.
III әрекет: теория және құрылым
Бағалау критерийі1) Теориялық талдау
- Шығарма ішіндегі көркемдегіш құралдарды тану.
- Мәтіннен көркемсөз айшықтарын табу (I топқа басымдық беру).
2) Сюжетті құрылымдау
- Шығарманы сюжет құрылымы бойынша талдау.
- Оқиға желісін жүйелеп, негізгі түйіндерді анықтау.
Оқушылар мәтінмен жұмыс барысында дәлел келтіру, пікірін нақты айту және көзқарасын қорғау дағдыларын қолданады.
Қорытынды бағыт
Сабақ мазмұны қонақжайлық, туыстық қатынас, ата-ана алдындағы жауапкершілік тақырыптарын әдеби талдаумен ұштастырып, оқушыларды заманауи көзқарас тұрғысынан ой қорытуға жетелейді.