Құқық қорғау органдары туралы интернеттен мәліметтер қарап танысу

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Опорный орта мектебі» ММ

Құқық пәні мұғалімі: Ибраева Айсара

Сабақтың тақырыбы: Құқық қорғау органдары: қызметі мен ұйымдастырылу негіздері

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың құқық қорғау органдары туралы түсінігін тереңдетіп, құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған.

Білімділік

Құқық қорғау органдарының міндеттерін, құрылымын және қызметін түсіндіру; олардың мемлекет пен азаматтардың мүддесін қорғайтын мемлекеттік органдар екенін ұғындыру.

Дамытушылық

Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, ақпарат құралдарының мәліметтері мен ҚР Конституциясын пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін, құқықтық сауаттылығын дамыту; іскерлігі мен ізденімпаздық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік

Заң талаптарын бұлжытпай орындауға, елжандылыққа, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, адамгершілікке және заңды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері

  • Түсіндіру
  • Ой шақыру
  • «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы
  • Пікірлесу
  • Ситуациялық тапсырмалар
  • Кембридждің 7 модулін ықпалдастыру

Көрнекіліктер мен ресурстар

Негізгі құжат

ҚР Конституциясы

Технология

АКТ, интербелсенді тақта

Дидактика

Карточкадағы тапсырмалар, тірек-сызбалар

Медиа

Видеоролик

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу
  • Сыныпты түгендеу
  • Топқа бөлу

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. 1 Мемлекеттік басқару қандай органдардан тұрады?
  2. 2 Жоғарғы өкілетті заң шығарушы орган қайсы?
  3. 3 Парламент қандай палаталардан тұрады?
  4. 4 Сенат пен Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі қандай?
  5. 5 Атқарушы орган жүйесін кімдер құрайды?
  6. 6 Сот билігінің негізгі қызметі қандай?

III. Жаңа сабақ

Видеоролик

Мемлекеттік органдар жүйесінде құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қызмет етеді.

Ішкі істер органдары

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік

Прокуратура

Заңдылықтың сақталуын қадағалау

Сот

Әділеттілікті жүзеге асыру

Ұлттық қауіпсіздік

Мемлекеттік қауіпсіздік

Кедендік бақылау органдары

Шекара арқылы заңдылықты сақтау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қызметтік және ауыр қылмыстар

Әділет органдары

Құқықтық қызметтер мен жүйелерді ұйымдастыру

Конституциялық негіз

ҚР Конституциясының 23-бабында құқық қорғау органдары қызметкерлері мен судьялардың саяси партияларда және кәсіптік одақтарда болмауға, сондай-ақ қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс екені нақты көрсетілген.

Бұл қағидаттар құқық қорғау органдарының саяси күреске тартылмауына, халық алдындағы беделін сақтауға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жауапты қызметін тәуелсіз орындауына және қоғамдық әрі мемлекеттік қауіпсіздікті нығайтуына бағытталған.

Негізгі ұғым: құқықтық тәртіп

Құқықтық тәртіп — заң мен құқыққа негізделген қоғамдық қатынастардың реттелген күйі. Ол құқықтық талаптарды іске асырудың, құқықтық нормаларды сақтаудың және орындаудың түпкі нәтижесі болып табылады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің негізгі қызметтері

  • ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік арнаулы қызметтердің және жекелеген адамдардың барлау-дұшпандық әрекеттерімен күрес
  • Лаңкестікпен күрес
  • Заңсыз қару айналымының жолын кесу
  • Нашақорлықпен және есірткі айналымымен күрес
  • Контрабандамен күрес
  • Парақорлықпен күрес
  • Басқа да ауыр қылмыстардың алдын алу және жолын кесу

Сот: әділеттілікті жүзеге асырушы орган

Сот әділдігі — қылмыстық және азаматтық істерді заңға қатаң сәйкес қарау және шешу арқылы жүзеге асатын құқық қорғау қызметінің түрі.

Сот әділдігінің белгілері

  • Сот әділдігін тек сот жүзеге асырады
  • Істерді қарау мен шешу қатаң түрде заңға сәйкес жүргізіледі
  • Сот шешімі жалпыға міндетті күшке ие

Сот билігін жүргізуші — судья. Судья сот әділдігін кінәсіздік презумпциясы қағидасына сүйене отырып жүзеге асыруы тиіс.

Қазақстан Республикасының әділет органдары мен мекемелері

Әділет органдары құқықтық инфрақұрылымның жұмысын ұйымдастырып, төмендегі бағыттар мен мекемелердің қызметіне басшылық етеді:

Аумақтық әділет мекемелері

Нотариат кеңселері

АХАТ органдары

Азаматтық хал актілерін тіркеу

Қылмыстық-атқарушылық жүйе

Оқу орындары

Ғылыми мекемелер

IV. Бекіту

Жағдаяттық тапсырмалар арқылы тақырыпты бекіту, нақты өмірлік жағдайларға құқықтық талдау жасау.

V. Қорытынды

Тест тапсырмалары арқылы негізгі ұғымдар мен құрылымдарды жинақтау.

VI. Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының дәлдігі және талдау дағдылары ескеріледі.

VII. Үй тапсырмасы

  1. 1 «Құқық қорғау органдары» тақырыбы бойынша интернеттен қосымша мәліметтерді қарап, танысу.
  2. 2 Үздік құқық қорғау органы қызметкерінің өмірі мен еңбегі туралы реферат жазу.