Жай бөлшектердің оқылуын меңгерту
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Жай бөлшектер. Жай бөлшектерді оқу және жазу
- Пән / сынып
- Математика, 5-сынып
- Сабақтың түрі
- Жаңа білімді меңгерту
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, түсіндіру
- Көрнекіліктер
- Компьютерлік слайдтар, үлестірмелі карточкалар, сөзжұмбақтар, суреттер
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Үлес, жай бөлшек және оларды оқу мен жазу тәсілдерін түсіндіру.
- Есеп шығару дағдыларын жетілдіру.
- Жай бөлшектердің дұрыс оқылуын меңгерту.
Дамытушылық
- Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
- Ауызша және жазбаша түрде жылдам есептеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Ұқыптылыққа, жинақылыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа кіріспеОқушылармен амандасып, сыныпты түгелдеймін. Олардың сабаққа дайындығын тексеріп, жұмыс тәртібін нақтылап, сабақтың жоспарын қысқаша таныстырамын.
-
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өзара тексеруҮй тапсырмасы тақтаға ілінеді. Оқушылар дәптерлерін бір-бірімен алмастырып, дайын жауап арқылы өзара тексереді.
Үй тапсырмасы: №750 есеп
ЕҮОБ-ты жақша сыртына шығаруАзайғыш пен азайтқыштың коэффициенттерінің ең үлкен ортақ бөлгішін жақша сыртына шығарып жазыңдар:
-
1)
42x − 30y = 6(7x − 5y)
-
2)
56x − 24y = 8(7x − 3y)
-
3)
60m − 36n = 12(5m − 3n)
-
4)
75m − 15n = 15(5m − n)
-
5)
95a − 35b = 5(19a − 7b)
-
6)
88a − 55b = 11(8a − 5b)
-
-
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Негізгі ұғымдарЖай бөлшек және оның бөліктері
a/b — жай бөлшек. Мұнда a — алым, b — бөлім.
- Бөлім бүтіннің неше тең бөлікке бөлінгенін көрсетеді.
- Алым сол бөліктердің нешеуі алынғанын көрсетеді.
Бөлшек сызығының мағынасы
Жай бөлшек — бұл бөлу амалының жазылуы:
a/b = a : b
4/9 = 4 : 9
Мысалы, 5/8 бөлшегінде 5 — бөлінгіш, 8 — бөлгіш.
Жай бөлшекті оқу ережесі
Жай бөлшекті оқығанда алдымен бөлім (сызықтың астындағы сан) шығыс септігінде айтылады, содан кейін алым (сызықтың үстіндегі сан) атау септігінде оқылады.
Мысал
7/10
Оқылуы: «оннан жеті»
Мысал
4/5
Оқылуы: «бестен төрт»
Натурал сандардың бөліндісін бөлшек түрінде жазу
Екі натурал санның бөліндісін жай бөлшек түрінде көрсетуге болады:
2 = 2/1
6 = 18/3
28 = 56/2
-
IV. Қорытынды
Нәтиже- Жай бөлшектің алымы мен бөлімінің мағынасын қайталаймыз.
- Бөлшек сызығының бөлу амалын білдіретінін нақтылаймыз.
- Бөлшекті дұрыс оқу ережесін мысалдар арқылы бекітеміз.
-
V. Үйге тапсырма
БекітуЖай бөлшектерді оқу және жазу тақырыбы бойынша ережелерді қайталап, сыныпта қарастырылған үлгілерге ұқсас бірнеше жаттығу орындау.
Дереккөз және авторлық белгі
Білім беру ұйымы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, №127 Т. Бердияров атындағы жалпы орта мектеп.
Орындаған
Аулан Анар