Армысыздар аналар

Ертеңгіліктің мақсаты мен жалпы мәлімет

«Қош бол, сүйікті Әліппем» атты мерекелік ертеңгіліктің басты мақсаты — оқушылардың Әліппе пәнін меңгеру барысында алған білімдерін тиянақтау, эстетикалық талғамын тереңдету, өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту, ана тілін, туған жерін және Отанын сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Ертеңгілік түрі — мерекелік шара. Көрнекілігі — суреттер мен слайдтар.

Ашылу сөзі

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгін — қуанышты күн, Әліппемен қоштасу мерекесі құтты болсын. Балаларыңыз білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін! Ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз!

Көрініс: «Мектепке барар сәт»

Мақсат

Алты жасар баласын, алпыста әжей жетектеп,
Келе жатыр көшеде: «Қайда әлгі мектеп?» — деп.
Алпыс келеді сүрініп, алты келеді жүгіріп.

Диалог

Нөсер

Апа, ана, мектепке апар — ата-аналық парызың.
Оқып білім аламын, мен оқушы боламын.

Бота

Асықпа әлі, қарағым, санауға енді жарадың.
Жасың толсын алтыға — сонда алып барамын.

Нөсер

Менің қарыс маңдайым, балаң болам талапты.
Тәртіп сақтап әрдайым, жақсы оқимын сабақты.

Бота

Айтқанымды, шырағым, шығарма тек санаңнан:
Мектептегі мұғалім кем болмайды анаңнан.

Нөсер

Қыркүйекте келдім де, сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз мейіріммен, қадамымды құп алып.

Ескертпе

Осы сәтте барлық оқушы сахнаға шығады.

Музыкалық нөмір

Ән: «Ұстазым»

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Армысыздар, аналар! Бармысыздар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз, бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ бүгінгі жыр-әніміз!

Әліппені меңгеріп, әріптерді таныған —
Құтты болсын тойымыз, біз білімді балдырған!

2-жүргізуші

Шашу-шашу шашайық, ақ сандықты ашайық!
Бұл мереке, бұл тойдың бастаңғысын жасайық!

Жақсы білім — көрімдік болсын сізге, халайық!
Не үйреніп, не білдік — қане, ортаға салайық!

Оқушылардың тақпақтары

С. Камила

Бірінші қыркүйек келдім мен гүл алып,
Алдымнан ұстазым қарсы алды қуанып.

Дарын

Қуантып мені ағалар, шақыртты осы мектепке!
Қараңдар, міне, балалар — келмеппін мұнда мен текке.

Бексұлтан

Мектебім қандай тамаша! Жарқырап тұр жаңаша.
Ұстаздарым білікті — ақтаймыз біз үмітті.

Ғизат

Ақыл, білім көп берер — анамдайсың, мектебім.
Сенде өсіп көктеймін, сенсің өмір көктемім.

Саят

Көріне бер биіктерден, алтын ұя мектебім.
Шәкірттерің білімді боп, сенен өсіп көктесін.

Би нөмірі

Қыздарымыздың қазақ биін қабыл алыңыздар!

Ертегі-әңгіме: Тәуелсіз Қазақстан туралы

Диалог

1-жүргізуші

Аяулым, мен саған ертегі айтайын — тыңдайсың ба?

2-жүргізуші

Әрине, Тоқтар, құлағым сенде.

Ертегінің мазмұны

Ерте, ерте, ертеде — ерте ме, әлде бүгін бе; жақын ба, әлде алыс па — беймәлім бе, таныс па — бір ел болыпты. Бұл елдің адамдары көк байрақтың астында тату-тәтті өмір сүріп, өніп-өсіпті. Елді бір кемеңгер хан басқарыпты. Ол өркендеп жатқан елде бірде-бір баланың білімсіз қалмауын талап етіпті.

Қанша уақыт өтетіні беймәлім болса да, 2030 жылы ел үлкен өркениетті, барлық ғылымды меңгерген беделді мемлекетке айналатынына кәміл сеніпті. Халқы осы ортақ арманға жету үшін бар күш-жігерін жұмсапты.

Түйін

2-жүргізуші: Тоқтар, бұл ертегің маған өте таныс. А-а, таптым! Сен біздің еліміз — Қазақстан туралы айтып тұрсың ғой!

1-жүргізуші: Рас, бұл ертегі — біздің тәуелсіз Қазақстанымыз туралы. Аз уақыттың ішінде еліміз үлкен жетістіктерге жетіп, қарқынды дамып келеді.

Құттықтау және тарту

Баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен құттықтаймыз!

Олай болса, осы мерейлі тойға тарту ретінде бір топ жігіттердің қазақ биін қабыл алыңыздар!

Мектеп туралы мәлімет

Қызылорда қаласы, №140 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Жабикенова Салтанат Ануарбекқызы.