Тізбектің осы нүктесінің арасындағы ток күші мен кернеуді табыңдар

Сабақ тақырыбы

Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың электр өрісі мен электр құбылыстары туралы білімін жүйелеу және тереңдету; электр кернеуін сипаттайтын шамаларды қолданып есеп шығару дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

Қисынды ойлауын дамыту, ой-өрісін кеңейту, қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік

Есеп шығару мен жазба жұмысын ұқыпты, жүйелі орындауға; сауатты сөйлеу мәдениетіне баулу.

Сабақ туралы мәлімет

Әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау
  • Өз бетімен жұмыс
  • Жеке жұмыс
  • Шығармашылық жұмыс

Ұйымдастыру

Сабақтың түрі
Аралас
Көрнекілігі
Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс
Математика

Сабақ барысы

  1. 1) Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, сабаққа жұмылдыру.
  2. 2) Үй тапсырмасын тексеру және талдау.
  3. 3) Бүгінгі сабақ жоспары: жаңа тақырыпты түсіндіру, есеп шығару, бекіту сұрақтары.

Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары

  • 1) Ток күші деп нені айтамыз?
  • 2) Өткізгіштегі ток күшін қандай құралмен өлшейді? Ол тізбекке қалай қосылады?
  • 3) Ток күшінің бірлігі ретінде не алынады?
  • 4) Электр тогы дегеніміз не?

Жаңа тақырып: электр кернеуі

Электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы — кернеу.

Кернеу деп тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының сол зарядқа қатынасына тең шаманы айтамыз.

Негізгі формула

U = A / q мұнда U — кернеу A — жұмыс q — заряд

Теңмәнді түрі: A = q · U

Өлшем бірлігі

1 В = 1 Дж / Кл

Есептер шығару

1-есеп

Электр тізбегінің бір нүктесінен екіншісіне 16 минут ішінде 240 Кл заряд тасымалданды, әрі 1200 Дж жұмыс жасалды. Осы нүктелер арасындағы ток күші мен кернеуді табыңдар.

2-есеп

Егер 10 Кл заряд орын ауыстырғанда 2200 Дж жұмыс жасалса, реостаттағы кернеу неге тең?

Шығармашылық тапсырма: құрал атауын құрастыру

Берілген қалалардың атауларын олардың бас әріптері қандай да бір құралдың атауына сәйкес келетіндей етіп орналастырыңдар. Құрастырылған құралға анықтама беріңдер.

Астана Көкшетау Павлодар Теміртау Ақтау Тараз Шымкент Түркістан Семей

Сәйкестікті табу

Төмендегі ұғымдарды олардың өлшем бірліктерімен сәйкестендіріңдер.

Ұғымдар

  1. Потенциал
  2. Заряд
  3. Жұмыс
  4. Кернеу
  5. Сыйымдылық
  6. Кернеулік

Өлшем бірліктері

  • Н/Кл кернеулік
  • Кл заряд
  • Дж жұмыс
  • В кернеу / потенциал
  • Ф сыйымдылық

Ескерту: Кернеу мен потенциалдың өлшем бірлігі бірдей — вольт (В). Кернеулік — Н/Кл (немесе В/м).

Бекіту сұрақтары

  • 1) Электр кернеуі дегеніміз не?
  • 2) Кернеу қандай бірлікпен өлшенеді?
  • 3) Электр тізбегі қанша бөліктен тұрады?
  • 4) Ток күші дегеніміз не?

Қорытынды

Сабақ соңында оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейі бағаланады: кернеудің анықтамасын, өлшем бірлігін және формулаларын қолдана отырып есеп шығара білуі тексеріледі.

Үй тапсырмасы

  • 37-параграфты оқып келу.
  • №484 және №485 есептерін шығарып келу.
  • 10 минут ішінде шамасы 18 Кл заряд өткендегі амперметр көрсеткіші неге тең?
  • (Қосымша) Тізбектегі амперметрдің көрсетуі 1 мА болса, өткізгіштің көлденең қимасынан 1 с ішінде қанша электрон өтеді?