Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын баяндау

Сабақтың тақырыбы

Ыбырай Алтынсарин: «Өнер-білім бар жұрттар», «Жаз»

Білімділік

Білім алушыларды Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру; өлеңдерінің мазмұнын ашып, мағынасын түсіндіру және негізгі идеясын айқындау.

Дамытушылық

Бір-бірімен ауызекі тілде еркін сөйлесуге, қазақ тілінде сауатты жазуға, сөздік қорды байытуға және мәтіннің негізгі ойын табуға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Ы. Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері

  • Оза оқыту
  • СТО технологиясы стратегияларын қолдану
  • АКТ элементтері арқылы түсіндіру

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі Орыс тілі Қоғамтану Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Түгендеу
  • Сабақтың мақсатымен таныстыру

II. Үй тапсырмасын сұрау

  1. 2.1 Шоқан Уәлиханов кім?
  2. 2.2 Ш. Уәлиханов қай жерде туған?
  3. 2.3 Шоқанның шын аты қандай?
  4. 2.4 Шоқанның кадет корпусында қандай орыс достары болған?
  5. 2.5 Шоқанның қандай еңбектері бар?

III. Жаңа сабақты түсіндіру

3.2 Жаңа сөздермен жұмыс

Тілмаш
переводчик
Дарынды
талантливый
Жоғары бағалайды
высоко ценят
Табиғат
природа
Ескерткіш
памятник
Ғылыми-зерттеу
научно-исследовательский
Жаңашыл
новатор
Атақты
выдающийся
Қызмет
деятельность
Ағартушы
просветитель

3.3 Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылғы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, Ыбырай атасы Балқожаның тәрбиесінде өседі.

Балқожа би — өз заманының беделді адамдарының бірі, оқу мен өнердің маңызын терең түсінген тұлға. Ол бес жасар Ыбырайды Орынборда ашылуы жоспарланған болашақ орыс-қазақ мектебіне алдын ала жаздырып қояды. 1850 жылы мектеп ашылғанда қабылданған 30 қазақ баласының бірі — Ыбырай болады.

Ыбырай сабақты ерекше ынтамен оқып, мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді.

1859 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады. Осы кезеңде ол комиссия төрағасы, шығысты зерттеуші белгілі ғалым, профессор В. В. Григорьевпен жақын танысады.

Григорьев Балқожа биді ерекше құрметтеген әрі Ыбырайға да қолдау көрсеткен. Ол Ыбырайға өзінің бай кітапханасын пайдалануға рұқсат береді. Осы кітапханада Ыбырай орыс жазушыларының шығармаларын, сондай-ақ орыс және әлем ағартушыларының еңбектерін, ұлы тұлғалардың өмірі туралы кітаптарды көп оқиды.

1860 жылы қазақ балалары үшін төрт бастауыш мектеп ашу жоспарланғанда, Ыбырай Торғай мектебіне мұғалім болуға өзі сұранып, рұқсат алады. Алайда мектеп бірден ашыла қоймағандықтан, ол біраз балаларды өз үйіне әкеліп оқытады. Торғайдағы мектеп 1864 жылы ғана ресми түрде ашылады.