Оқушыларға ынтымақ ұғымы туралы түсінік беру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып
6-сынып
Тақырып
Ынтымақ – түбі береке
Құндылық
Сүйіспеншілік
Қасиеттер
- Әркімді жақсы көру
- Бауырмалдық
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға ұйымшылдық туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ұғындыру.
Міндеттері
- Оқушыларға «ынтымақ» ұғымы туралы түсінік беру.
- Өзара жағымды қарым-қатынасты және сүйіспеншілікті дамытуға ықпал ету.
- Татулыққа, ауызбірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Ресурстар
- Оқулық
- Оқушы дәптері
- Үнтаспа
- Тақта
Сабақтың барысы
1-кезең
Ұйымдастыру және жағымды күйге келу
Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа жұмылдыру, тыныштыққа бағыттау.
Тыныштық сәті: «Су асты патшалығына ойша саяхат»
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз.
Шалғайдан қара нүкте көрінеді: жақындаған кезде оның дельфин екенін түсінесіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр.
Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, су астында жүзу қандай керемет. Өзіңізді қауіпсіз сезінесіз.
Жан-жағыңызға қараңыз: кемпірқосақтай құбылған, ары-бері жарқырап жүзіп жүрген әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала өзгере түседі: суда тербелген ғажайып балдырлар көз тартады.
Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар! Ал анау жаққа көз тастаңыз... бұл — алып сегізаяқ. Су асты әлемі қандай қызықты әрі ғажап!
Бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда тұңғиық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.
Енді жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз: ғажап түстерге тағы бір рет назар аударыңыз және тыныштықты тыңдаңыз. Бұл тыныштық сізге самалдай әсер береді.
Дельфин кері қарай жүзе бастады. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипап, осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз, өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз және сезінген тыныштықты бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Ниет: Ішкі тыныштық арқылы өзара сыйластық пен мейірімге жол ашу.
2-кезең
Үй тапсырмасын тексеру
«Ынтымақ» ертегісі бойынша сұрақтар арқылы түсінікті бекіту.
- 1. Ынтымақ болған жерге Қыдыр ата, Бақ пен Дәулеттің келу себебін қалай түсіндірер едіңдер?
- 2. Үй иелерінің Ынтымақты қонақ етуінің себебі неде?
- 3. Ынтымақтастық дегенді қалай түсінесіңдер?
- 4. Татулық, ынтымақтастық, ұйымшылдық ұғымдарының ұқсастығы неде?
3-кезең
Жағымды ой-пікір (дәйексөз)
«Игілік басы — ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ».
Талқылау сұрағы
Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?
Талқылау сұрағы
Ынтымақ бар жерде қандай нәтиже болады?
Ұсыныс: хормен қайталау және дәптерге жазу.
4-кезең
Оқиға айту (мұғалім сыйы)
«Әнет баба әңгімелері» негізінде ой қозғау және құндылықты ашу.
Талқылау сұрақтары
- Мәтіннің негізгі мәні неде?
- Бабаның өсиетінен не ұқтыңдар?
- Өсиеттен қандай қорытынды жасауға болады?
5-кезең
Шығармашылық жұмыс және бекіту
Сахналық ойын
«Ынтымақ пен ауызбіршілік» тақырыбында шағын көрініс дайындау және ойнау арқылы өзара қолдау мен бірліктің маңызын сезіндіру.
Тапсырма
«Бір-бірімізді мадақтайық»: әр оқушы жанындағы сыныптасына бір жақсы қасиетін айтып, жылы сөз білдіреді.
Дәптермен жұмыс
- 1-тапсырма
- 2-тапсырма
Мақсат: ойды жүйелеу, өзіндік пікір қалыптастыру, қорытынды шығару.
Автор туралы мәлімет
Мекеме
Сарқан ауданы, Екіаша орта мектебі
Екіаша орта мектебі КММ
Пән мұғалімі
Асем Сыдыкова
«Өзін-өзі тану» пәні