Сан есімнің түрленуі

Есімдердің түрленуі: өткенді қайталау (VII сынып)

Бұл сабақ морфология тарауына, соның ішінде есім сөздердің түрленуін қайталау мен бекітуге арналған. Сабақ «Білім керуені» деп аталады.

Білімділік мақсаты

Есімдердің түрленуінен алған теориялық білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық мақсаты

Өтілген материалды жүйелі меңгерту, ойды нақты жеткізу дағдыларын дамыту, шығармашылық ізденісті арттыру.

Тәрбиелік мақсаты

Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін дарыту; ізгілікке, өзара сыйластық пен достыққа тәрбиелеу; өнерге және өнер адамына құрмет сезімін күшейту.

Сабақ түрі

Қайталау сабағы.

Негізгі әдіс-тәсілдер

  • Оқыту әдісі: іздену.
  • Сабақ өту әдісі: қозғау салу, талдау.
  • Оқу әдісі: ізденіс, талдау, дәлелдеу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, кино өнері, саз өнері және өмірмен байланыс.

Сабақтың жабдықталуы

  • Интербелсенді тақта.
  • Есімдердің түрленуіне арналған сызба-кесте.
  • Сатылай кешенді талдау үлгілері (папка №1, №2).
  • «Шәкен туралы естеліктер» (авторы: Кәукен Кенжетайұлы).

Кіріспе: «Білім керуені» ұғымы

«Керуен» дегеніміз не?

Керуен — алыс жерге жүк тасуға немесе сапар жасап қайтуға арналған көлік тізбегі. (Энциклопедия, IV том, 524–525-бет)

Тақырыптық арқау

Сабақ барысында қазақ киносының атасы атанған, халқымыз мақтан тұтатын Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың өнердегі және өмірдегі қайталанбас жолымен танысамыз. Грамматикалық тапсырмалар осы мазмұн аясында орындалады.

Сабақ құрылымы және бағалау

Сабақ 5 турдан тұрады. Әр турға сәйкес ұпай беріледі. Тақтаға оқушылардың аты-жөні мен турлар жазылған кесте сабақ басталмай ілінеді; төменгі бөлігіне ұпай жазылған жапсырма қағаздар дайындалады. Ұпайларды ілуге скиперлер көмектеседі. Әр турдан кейін интербелсенді тақтадан мадақтау сөздері көрсетіледі.

Тур атауы
Ұпай
I тур — «Қайталау — оқу анасы»
Жедел сұрақ-жауап арқылы негізгі ұғымдарды еске түсіру.
0–2
II тур — «Өзіндік ізденіс — білім негізі»
Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау, деңгейлік тапсырмалар.
0–10
III тур — «Талдау — табыс кілті»
0–5
IV тур — «Білімділер ордасы»
0–5
V тур — «Жыр шашу»
0–5
Жақсы! Тамаша! Бәрі ойдағыдай! Ескерту: Әлі қол соғуға ертерек…

I тур (0–2 ұпай): «Қайталау — оқу анасы»

Қоржынға салынған асықтар саны сыныптағы оқушылар санына сай алынады. Әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Сұрақтар интербелсенді тақтада көрсетіледі.

Сұрақтар (1–10)

  1. 1. Сан есімнің түрленуі. Мысал келтіріңіз.
  2. 2. Күшейтпелі шырай дегеніміз не?
  3. 3. Зат есімнің жіктелуі. «Оқушы» сөзін жекеше түрде жіктеңіз.
  4. 4. Сөйлемде есімдік қандай қызмет атқарып тұр? Мен бала кезімдегі Серектасты сағындым.
  5. 5. Сын есімнің түрленуі. Мысал келтіріңіз.
  6. 6. Септік жалғау дегеніміз не?
  7. 7. Зат есімнің түрленуі. Мысал келтіріңіз.
  8. 8. «Өзен, сай, кереге, құйын, кітап» сөздері жіктеле ме?
  9. 9. Жіктеу есімдіктері қалай түрленеді?
  10. 10. Жалпылау есімдігі қалай түрленеді?

Сұрақтар (11–20)

  1. 11. Салыстырмалы шырай дегеніміз не?
  2. 12. Көптік жалғау дегеніміз не?
  3. 13. «Шәкен айтты» және «Шәкен айтыпты» сөйлемдеріндегі қосымшалардың айырмашылығы қандай?
  4. 14. Болымсыздық есімдігі қалай түрленеді?
  5. 15. Реттік сан есім жұрнақтарын атаңыз.
  6. 16. Зат есімнің мағыналық түрлерін атаңыз.
  7. 17. «Шәкен Баянауыл топырағында дүниеге келген» сөйлемінен кейінінді ықпалды табыңыз.
  8. 18. Қосымша түрлерін атаңыз.
  9. 19. Жалқы есімге мысал келтіріңіз.
  10. 20. Жинақтау сан есімге мысал айтыңыз.

II тур (0–10 ұпай): «Өзіндік ізденіс — білім негізі»

Жұмыс форматы

  • Интербелсенді тақтада 2 оқушы берілген сөйлемдерді кезектесіп талдайды.
  • Қалған оқушылар деңгейлік тапсырмаларды дәптерлеріне орындайды.
  • Міндет: сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау.

Талдауға берілген сөйлемдер

1-сөйлем

Ақбет таудың бауырында, Саржазықтың тап ортасында, Айманбұлақтың бойында, Қызылшіліктің тау жақ бойында, сары адырдың етегінде қарағайдан салынған екі бөлмелі аласа ғана қараша үйде 1914 жылы 15 ақпанда Шәкен (Шахкәрім) Айманов дүниеге келді.

2-сөйлем

Әкесі Кенжетай мойнына мылтық асынып, ит жүгіртіп, құс ұшырып, аң аулаған; қашанда домбырасы қолынан түспей, ән мен күйге жаны құмар болған.

Ұйымдастыру кезеңі (қысқаша)

  1. Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
  2. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды назарға алу.
CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}