Етістік сөз тіркесі

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Толқын ауылы

«Толқын орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жайлыбекова Алия

Сыныбы

7-сынып

Сабақ тақырыбы

«Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік»

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер

СТО стратегиялары, жеке жұмыс, зерделей іздену, ой қозғау және т.б.

Көрнекілігі

Тірек сызбалар, үлестірме қағаздар, тест тапсырмалары, түрлі-түсті қағаздар, слайд.

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже

Сабақтың негізгі мақсаты — «синтаксис» сөзінің грек тілінен аударғанда «құрастыру, біріктіру» деген мағына беретінін түсіндіру, сондай-ақ сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, сөйлем құрай алатынын меңгерту.

Білімділік

Сөйлем құрамындағы сөздердің өзара грамматикалық байланысқа негізделетінін білу; сөздердің әртүрлі тұлғада байланысатынын және олардың түрлері туралы толық түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Ойлау мен есте сақтауды дамыту; өз ойын ашық айтуға, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру; сабаққа белсенді қатысуға ынталандыру.

Тәрбиелік

Бірін-бірі тыңдауға, өзара көмек көрсетуге және ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Сынып оқушыларын түгендеу.
  • Сабаққа дайындықтарын тексеру.
  • Сынып тазалығын тексеру.

II. Білімдерін бекіту

«Сұрақ менен, жауап сенен» ойыны: тез арада кім қанша сұраққа жауап береді?

Сұрақтар

  • Етістікте қанша шақ бар?
  • Райдың түрі нешеу?
  • Есімшенің жасалу жолы қандай?
  • Есімшенің түрленуі деген не?
  • Көсемшенің жасалу жолы қандай?
  • Көсемшенің қай түрі жіктелмейді?
  • Бір ғана жұрнақ арқылы жасалатын қай етістік?

Назар аударатын дағды

Жауап беру кезінде анық сөйлеу, грамматикалық терминдерді дұрыс қолдану және ойды қысқа әрі нақты жеткізу.

III. Жаңа сабақтың мақсатын қою

  1. 1 Синтаксис ұғымының мағынасын ашу.
  2. 2 Синтаксистің грамматикалық салаларын анықтау.
  3. 3 Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік қалыптастыру.
  4. 4 Етістік сөз тіркесін тану және талдау.
  5. 5 Есімді сөз тіркесін тану және талдау.

IV. Жаңа сабаққа көшу

Тапсырма

Сөйлемді дұрыс ретке келтіріңіз:

Еркебұлан қазір төрінде ақ отаудың жалғыз отыр.

Дұрыс жауабы

Қазір Еркебұлан ақ отаудың төрінде жалғыз отыр.

Сөйлем ішіндегі сөз тіркестері:

  • Еркебұлан отыр.
  • Жалғыз отыр.
  • Ақ отаудың төрінде отыр.
  • Ақ отаудың төрінде.
  • Қазір отыр.

Негізгі анықтамалар

Синтаксис (грек тілінен: «құру, біріктіру») — сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың саласы.

Сөйлем — ойды білдіретін тілдің ең кіші бірлігі.

Ескерту

Қажет болған жағдайда сабақ жоспарының толық нұсқасын бөлек файл ретінде жүктеп алуға болады.