Электронды оқулықтан бейнелеу өнері жанрлары туралы тыңдату

Бейнелеу өнері Жаңа сабақ

Сабақ тақырыбы: Мүсін өнері — бейнелеу өнерінің бір түрі (Жемістің мүсіні)

Сабақтың мақсаты

Күтілетін нәтижеге бағытталған: оқушылар мүсін өнері туралы мағлұмат алады және жемістердің мүсінін жасауды үйренеді.

Күтілетін нәтиже

  • Сыни ойлау мен қиял дамиды.
  • Әртүрлі пішіндегі заттарды дұрыс бейнелеуге дағдыланады.
  • Ермексаз/сазбалшықпен жұмыс істеу техникасын меңгереді.

Әдіс-тәсілдер мен құралдар

Топтық жұмыс Бағдаршам Басбармақ
  • Интербелсенді тақта, слайдтар
  • Мүсін туралы оқулықтар, иллюстрациялар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру және оқушыларды сабаққа дайындау.

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Қызығушылықты ояту: оқушылардан бейнелеу өнерінің өздеріне таныс жанрлары туралы не білетінін айтқызу.

Суреттермен жұмыс жүргізу.

Электронды оқулық арқылы бейнелеу өнері жанрлары туралы материалды тыңдату.

Мағынаны тану: мүсін өнері туралы түсінік

Мүсін — бейнелеу өнерінің ерекше түрі. Оны кеңістікте үш жағынан да көруге болады.

Мүсін жасау ерекшелігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді:

  • Кеуделік мүсін (бюст): адамның кеудеден жоғары келбеті бейнеленеді.
  • Тұлғалық мүсін (статуя): адамның тұтас бойымен бейнеленген мүсін.
  • Жартылай көлемді мүсін (барельеф/рельеф): бедерлі түрде орындалады.

«Мүсін» атауы латын тіліндегі «қашау» мағынасындағы сөзден шыққан.

Мүсінші — қарапайым сазбалшықтан бастап мәрмәр тасқа дейін меңгеріп, әртүрлі материалдан (сазбалшық, ағаш, тас) мүсін жасайтын шебер.

Сергіту сәті

Музыка ырғағымен дене қимылдарын орындау.

Ой толғаныс: тәжірибелік жұмыс

Мүсін сабағында балалардың қызығушылығын арттыра отырып, ойлау және елестету белсенділігін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Ермексазбен жұмыс (алмұрт мүсіні):

  1. Сазбалшықты (немесе ермексазды) жақсылап илеп, жұмыр пішінге келтіреді.
  2. Жұмыр пішінді сопақша етіп созады.
  3. Алмұртқа тән бөліктерін айқындап, пішінін түзетеді.

Үйге тапсырма

Басқа да жемістердің мүсінін жасап келу.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау тәсілдерін қолдану.

Кері байланыс

Оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгенін және алған әсерін стикерлер арқылы анықтау.