Пусть всегда будет солнце, Пусть всегда будет небо

6-сынып

Денім сау болсын десең...

Бұл сабақ жан сұлулығының тән сұлулығына, яғни адамның жалпы денсаулығына ықпалы туралы ой қозғайды. Таза ой, таза ниет, сабыр, сенім, мейірім мен сүйіспеншілік — адамның ішкі тепе-теңдігін сақтап, өзін жақсы сезінуіне көмектесетін негізгі құндылықтар.

Мақсаты

Оқушыларға жан сұлулығының тән саулығына әсері туралы түсінік беру.

Міндеттері

  • Оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру.
  • Жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
  • Өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу.

Кіріспе: «Шаттық шеңбері»

— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қайырлы таң! Бүгінгі күніміз сәтті өтсін деген ниетпен сіздерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Әр бөлім сайын сыныпта бақытты адамдардың суреттерін іліп, көңіл күйді көтеріп отырамыз.

Ән: Сөзі — Л. Ошанин, әні — А. Островский. «Әрқашан күн сөнбесін» әнін жақсы көңіл күймен үш тілде орындаймыз.

Қазақша

  1. Күн әдемі, көк әлемі,
    Бұл — суреті жас баланың.
    Ақ қағазға салған ізі,
    Қалдырған бір сөзі.
  2. Әрқашан күн сөнбесін,
    Аспаннан бұлт төнбесін.
    Қасымда болсын анам,
    Болайын мен де аман.

Русский

  1. Солнечный круг, небо вокруг —
    Это рисунок мальчишки.
    Нарисовал он на листке,
    И подписал в уголке.
  2. Пусть всегда будет солнце,
    Пусть всегда будет небо.
    Пусть всегда будет мама,
    Пусть всегда буду я.

English

  1. Bright blue the sky,
    Sun up on high.
    That was the little boy’s picture,
    He drew for you.
  2. May there always be sunshine,
    May there always be blue skies.
    May there always be Mammy,
    May there always be me.

Әңгімелесу

Төмендегі сұрақтар арқылы денсаулық ұғымын тереңірек түсініп көрейік:

  1. 1 «Бірінші байлық — денсаулық» деп неліктен айтылады?
  2. 2 «Тәні саудың — жаны сау» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Жаңа ақпарат

Денсаулық — адам баласының ең құнды игілігінің бірі. Денсаулықты сақтау үшін ең алдымен ойың мен ниетің таза болуы маңызды. Адамның жан тазалығы оның денсаулығына тікелей әсер етеді.

Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік — адамның көңіл күйін тұрақтандырып, денсаулығын жақсартуға ықпал ететін қасиеттер. Денсаулық мықты болғанда, көңіл күй де көтеріңкі болады.

Деннің саулығы адамның өзіне және өзгеге адал болуына, сондай-ақ өз көңіл күйін басқара білуіне байланысты. Өзіне және өзгелерге деген адал сезім — салауатты ақыл-ойдың негізі.

Мәтінмен жұмыс

Аудиожазбадан Дж. Джексонның «Денсаулықтың он құпиясы» атты мәтінін тыңдаймыз. Содан кейін төмендегі сұрақтар арқылы талдаймыз:

  1. 1 Денсаулықтың құпиясын іздеудің мәні неде?
  2. 2 Денсаулықты ақыл-оймен байланыстырудың себебі неде?
  3. 3 Денсаулықтың бесінші құпиясын қалай түсінесіңдер?
  4. 4 Сүйіспеншіліктің денсаулыққа әсері қандай?
  5. 5 Мәтіннен қандай қорытынды ой түйдіңдер?

Дәйексөз

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл — үшеуімен болады бақытты өмір».
— Әйтеке би