Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу - біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру

Тәуелсіздік – тірегіміз

Бұл тәрбие сағаты еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне шолу жасап, туған жердің тілі мен тарихын, салт-дәстүрін, әдебиетін қадірлеу мен құрметтеуді дәріптеуге арналған. Қазақ елін әлемдік деңгейге көтеру – әрқайсымыздың қолымызда екенін ұғындыру басты мақсат.

Мақсаты Тіл мен тарих Салт-дәстүр Әдебиет Болашаққа жауапкершілік

Көрнекілігі

Интерактивті тақта.

Барысы

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Тәуелсіздік – тірегіміз» тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Рәсім

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Жыр жолдары

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті —

Тәуелсіз Қазақстан — елім менің!

Егеменді, ерікті ел екенбіз,

Жылдан-жылға кіргендей берекеміз.

Тәуелсіздік таңы атқалы жиырма екі жыл —

Халайық, құтты болсын мерекеміз!

Тербетіп тұрса болды жер-бесігім,

Дәулеттің тілеймін мен көл-көсірін.

Көз тимей, кірбің түспей қабағына —

Жалғыз-ақ, құтты болғай енді осы күн!

Қорытынды лебіз

Ұлы дархан, ұлы елім! Бүгін — азаматтығымыздың айбыны, азат күніміздің айдыны, ерікті еліміздің еңсесін көтеріп, мерейін асқақтатқан киелі әрі қастерлі мереке — Тәуелсіздік күні. Мереке құтты болсын!