Шығарманың авторы
7-сынып. Қазақ әдебиеті
Презентациямен өткізілетін сабақ жоспары: А. Байтұрсынұлы — «Егіннің бастары».
Сабақтың мақсаты
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру.
Білімділік
- Ақын өмірі туралы түсінік қалыптастыру.
- Мысал өлеңмен таныстыру.
- Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету.
- Идеялық-тақырыптық негізін және астарлы ойын талдату.
Дамытушылық және тәрбиелік
- Оқиғалар арқылы дүниетанымды кеңейту, таным белсенділігін арттыру.
- Адамгершілік, рухани-имандылыққа тәрбиелеу; ізденіс пен іскерлікке баулу.
- Мысалды талдауға төселдіру, түйін ойды айтуға және өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру.
- Шығармашылық тапсырмалар арқылы дара мүмкіндіктерді ашу, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың түрі мен әдістері
Түрі: жаңа сабақ; шығармашылық-ізденіс сабағы.
Әдісі: АКТ, СТО (сыни тұрғыдан ойлау), шығармашылық тапсырмалар, ассоциация әдісі.
Пәнаралық байланыс және көрнекілік
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет теориясы, бейнелеу өнері, орыс әдебиеті.
Көрнекілігі: слайдтар, сызбалар, суреттер, интербелсенді тақта.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
- Зейінді сабаққа шоғырландыру.
Өлең жолдары:
Сабағыңа жөндеп, Әзірленсең — еңбек. Қиындықтың бәрін Еңбек қана жеңбек.
II. Білім деңгейін тексеру
I кезең — «Ақылды сынау», «Қызығушылықты ояту»: оқушыларды танымдық үдеріске жұмылдырып, бұрынғы білімін, әсерін, сезімін өзектендіру.
«Зымыран сұрақтар»
- 1.Жиренше кім?
- 2.Дүниеде не өлмейді?
- 3.Д. Бабатайұлы кім?
- 4.Сүйінбайдың шәкірті кім?
- 5.А. Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келді?
- 6.Абайдың неше қара сөзі бар?
- 7.Күллі адам баласын қор қылатын нәрсе не?
- 8.Жалғастыр: «Шығамын тірі болсам адам болып…»
- 9.С. Торайғыров қай жылы дүниеге келді?
- 10.С. Торайғыровтың қандай поэмалары бар?
III. Жаңа сабақ
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Дәптерге күнін және тақырыпты жаздыру.
Қысқа үндеу:
Үйден дайындық бар ма? Тапсырмаң дұрыс па? Оқымасаң уайымдап, Тығылмаңдар қуысқа.
Оқушылардың шығармашылық-ізденіс жұмыстары: баяндау, көрсету, ортаға салу.
- А. Байтұрсынұлының өмірінен деректер.
- Өлең мазмұнына байланысты салынған суреттер.
- Қысқаша көрініс.
Ақын туралы: аудармашылық қыры және мысал жанры
Ахмет — аудармашы
Ахмет Байтұрсынұлы орыс классиктерінің мысал өлеңдерін қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға үлес қосты.
Ол А. С. Пушкин мен И. А. Крылов шығармаларын тәржімалады. Крыловтан 14 мысал аударған.
Мысал дегеніміз не?
Мысал — оқиғалы, адамға сабақ болатын өсиеті бар шығарма. Онда ақын жануарлар, құстар, өсімдіктер арқылы адамға тән қасиеттерді көрсетіп, жаман қылықтар мен кемшіліктерді сынайды.
Аударылған мысалдар (іріктеме)
«Аққу, шортан, һәм шаян»
«Ат пен есек»
«Қасқыр мен тырна»
«Айна мен маймыл»
«Маймыл мен көзілдірік»
тағы басқа мысалдар
Өлеңді тыңдау және сөздікпен жұмыс
Тыңдалым
«Егіннің бастары» мысал өлеңін тыңдау (мұғалімнің мәнерлеп оқуы немесе аудио).
Сөздік
- Сайран ету, қыдыру
- гулять, прогуляться
- Дән
- зерно
- Көкке қарау
- смотреть на небо
- Қожа
- хозяин
- Қайран қалу
- удивляться
- Егінші
- земледелец
- Тәкаппар
- высокомерный
- Тағзым
- поклон
- Көпке балау
- приравнивать со всеми
- Шікірею
- кичиться
Талдау жұмыстары
Мінездеме: «бидай» бейнесі
Дәптерге бидайға мінездеме жазу және топтастыру жасау.
Кесте толтыру
| Шығарманың авторы | А. Байтұрсынұлы |
|---|---|
| Шығарманың атауы | «Егіннің бастары» |
| Кейіпкері | Бидай (астарлы бейне) |
| Кейіпкердің мінезі | Мақтаншақ, тәкаппар, өзгелерді менсінбейді |
Лексикалық жұмыс
Сөздер мен сөз тіркестеріне синоним, антоним табу.
| Сөздер, сөз тіркестері | Синонимдер | Антонимдер |
|---|---|---|
| Жас бала | ||
| Сайран салу | ||
| Көзі түсу | ||
| Қайран қалу | ||
| Көкке қарап |
V. Бекіту
- 1.Бидай арқылы қандай адам мінезі берілген?
- 2.Мысалда қандай адамдардың мінезі сыналады?
- 3.Мысалда адам мінезі нелер арқылы көрсетіледі?
VI. Үй тапсырмасы
«Егіннің бастары» мысалын оқу.
VII. Бағалау
Оқушының сабаққа қатысуы, мәнерлеп оқуы, талдаудағы дәлелі және шығармашылық жұмысы бойынша бағалау.