Оқыту үшін бағалау

4-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы

Бұл сабақ жоспары Әбіш Кекілбайдың «Тасбақаның шөбі» әңгімесін (презентациямен) талдауға арналған. Негізгі назар — мәтін мазмұнын ашу, идеяны ұғыну және оқушының сыни ойлауын дамыту.

Тақырыбы

Әбіш Кекілбай. «Тасбақаның шөбі» (презентация).

Мақсаты

«Тасбақаның шөбі» әңгімесінің мазмұнын ашу және негізгі ойды түсіндіру.

Міндеттері

  • Бірлескен әрекет арқылы әңгіменің мазмұны мен негізгі ойын түсіну.
  • Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге үйрету; сыни ойлауды дамыту және ырымдардың мазмұнын түсінуге баулу.
  • Берілген тапсырмалар арқылы шығармашылық ізденісті қалыптастыру; ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар әңгіменің мазмұны мен негізгі идеясын түсінеді.

Ой-өрісін дамыта отырып, ырымдарды салыстырады, зерттейді және қолданады.

Топта өз ойы мен пікірін еркін айтуға дағдыланады; халқымыздың ырым-тыйым сөздерінің мағынасын түсініп, құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеленеді.

Оқытуда қолданылатын модульдер

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  3. Оқыту үшін бағалау
  4. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
  5. Оқытуды басқару және көшбасшылық
  6. АКТ-ны пайдалану
  7. Талантты және дарынды балаларды оқыту

Қолданылатын стратегиялар

Мағынаны табу ДЖИКСО әдісі Сергіту сәті