Айналмалы бекеттер әдісі
Сабақ туралы мәлімет
- Пән
- Қазақстан тарихы
- Сынып
- 5-сынып
- Мұғалім
- Солтанова А.
- Сабақтың тақырыбы
- Моңғол шапқыншылығы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылар Моңғол хандығының саяси байланыстары туралы материалмен танысып, негізгі ұғымдарды меңгереді.
Дамытушылық
Тақырыпты талдау арқылы оқушылардың ойлау, сөйлеу және дәлелдеу дағдылары дамытылады.
Тәрбиелік
Топпен жұмыс барысында өзара құрмет, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтары қалыптастырылады.
Күтілетін нәтиже
-
Оқушылар Моңғол хандығы туралы негізгі мәліметтерді біледі.
-
Отырар қаласы жөнінде талқылау жүргізеді.
-
Отырар шайқасы бойынша материал жинақтайды және жүйелейді.
-
Моңғол хандығының тарихи маңызы туралы өз пікірін дәлелдеп айтады.
Ресурстар мен әдіс-тәсілдер
Оқыту әдістері
- Топтық және жұптық жұмыс
- «Қорытындылаушы» ойыны
- «Миға шабуыл» әдісі
- «Айналмалы бекеттер» әдісі
- «Маған көрсет» әдісі
- АКТ қолдану
Құрал-жабдықтар
- A3 парақтары
- Постер материалдары
- Қайшы, желім
- Түрлі түсті қағаздар
Сабақ барысы
Ой қозғау
10 минут
-
Оқушылармен амандасу, сабаққа сәттілік тілеу.
-
Сыныпты төрт топқа бөлу: тауықтың қытқылы, иттің үргені, мысықтың мияулағаны, сиырдың мөңірегені бойынша.
-
«Қорытындылаушы» ойыны: сабақ басында бір оқушыға «Қорытындылаушы» рөлі беріледі. Сабақ соңында ол жұмыс барысын жинақтап, өтілген тақырыптың маңызды тұстарын саралап, қысқаша бағалау жасайды.
-
Жағымды ахуал қалыптастыру: екі топқа құпия сөздер беріледі (смайликтер, кітаптың ашылуы, музыкалық аспаптар, үй, өрмекші торы, жүрек). Топ мүшелері сөзді ақылдасып, мимикамен көрсетеді; қарсы топ олардың нені бейнелегенін табады.
-
«Крестик-нөлдіктер» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау. Негізгі сұрақтар:
- Қазақстанның ортағасырлық қалаларын атаңдар.
- Қай қала қыпшақтардың басты саяси-мәдени орталығы саналады?
«Айналмалы бекеттер» әдісі
-
Оқушыларға оқулықтың 94–96-беттеріндегі тақырыпты оқуға уақыт беріледі.
-
Оқушылар жұптасып, тақырыптағы негізгі түсіндірмелерді бір-біріне баяндайды.
-
Әр топ тақырып бойынша постер жасайды. Кейін топ мүшелері басқа топтың постеріне ауысып, жұмысты жалғастырып аяқтайды. Соңында өз постерін қорғауға мүмкіндік беріледі.