Табиғат ұғымын түсіндіру

Жалпы ақпарат

Мектеп
Сам мектеп – балабақша кешені КММ
Мұғалім
Мамбетова Назгүл Далубековна
Сынып
1 сынып
Пән
Өзін-өзі тану
Тақырып
Табиғатқа құштармын
Құндылық
Сүйіспеншілік

Қасиеттер

  • жақсы көру
  • аялау
  • сүю
  • жауапкершілік

Ресурстар

  • Түрлі түсті қаламдар
  • Жүрекшелер
  • Ақ парақтар
  • Гүлдер, көбелек

Сабақтың мақсаты

Табиғат ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері

  • Табиғат ұғымын түсіндіру.
  • Балалардың табиғатқа аялы қарым-қатынасын дамыту.
  • Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Бастау

Топқа бөлу

Оқушылар гүлдер арқылы топқа бөлінеді:

  • Ақ гүлдер
  • Қызыл гүлдер
  • Сары гүлдер

«5Т» ережесін еске түсіру

Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық

Тыныштық сәті

Бізге қонаққа келген көбелек қанатын жайғанда, алып көбелекке айналғандай болды. Ол бізді қанатына отырғызып, биікке көтерді. Алуан түсті гүлдер жайқалған алқапқа жақындағанда, бізді жайлап түсірді.

Гүл алқабының жанында суы мөлдір өзен көзді демалтты. Суы сондай таза: су астында жүзіп жүрген жәндіктер, өніп тұрған өсімдіктер, көздің жауын алатын табиғи тастар анық көрінеді.

Әрі қарай төбесі аспан тіреген биік таулар, жарқыраған күн, әуелеп ұшқан әсем құстар көз алдымызға келді. Неткен ғажап табиғат! Табиғат сыйлаған таза ауа бойымызды сергітті. Біз оған ұзақ тамсанып қарадық.

Алып көбелек бізді қайтадан қанатына отырғызып, сыныпқа әкелді. Қоштасарда ол әрқайсымыздың құлағымызға: «Табиғат сендерге таза ауа, жұпар иіс, жақсы көңіл күй, жақсы өмір сыйлайды. Оны күтіңдер, баптаңдар, аялаңдар» деп сыбырлады.

Біз іштей: «Табиғатты аялаймыз» деп уәде бердік. Бұл — әрқайсымыз бен көбелек арасындағы құпия сыр. Сыныпқа қайта оралғанда, айналамызға қарап: «Ешкім естіп қоймады ма?» дегендей, сабағымызды жалғастырдық.

Міне, әдемі көбелегіміз әсем табиғатты сыныпқа бірге ала келіпті.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау

Мұғалім үй тапсырмасын тексереді, қажет жағдайда қысқаша ескерту жасайды.

3) Дәйексөз

Мағына
«Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,
Сән түзеп, көрік берсін жер бетіне».
Р. Сәтімбекұлы

Мұғалім оқушыларды Р. Сәтімбекұлының нақыл сөзімен таныстырып, дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды.

4) Оқиғаларды әңгімелеу

Түсіну

Мәтінмен жұмыс

Ә. Ысқақов: «Табиғат деген не?»

Талқылау сұрақтары

  • Неліктен табиғатты анаға теңейміз?
  • Сендер «табиғат» ұғымын қалай түсінесіңдер?

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өмірдің мәнін ұғынады. Адам өз өмірінің «суретшісі» екенін түсінеді.

5) Шығармашылық іс-әрекет және топтық жұмыс

Практика

Сөйлемді аяқтау

Суреттерді пайдаланып, төмендегі сөйлемдерді жалғастырады:

  • Егер мен тау болсам…
  • Егер мен күн болсам…
  • Егер мен өзен болсам…
  • Егер мен қыран болсам…
  • Егер мен елік болсам…

Мысалдар:
Егер мен тау болсам, асқақ болар едім.
Егер мен күн болсам, шуақ нұрымды төгер едім.

Балалар өз ойларын ортаға салады немесе постер жасап, қорғайды.

Ойын-жаттығу: Жұмбақ

Ол өте нәзік, әдемі. Ешкімге жамандық ойламайды. Гүлдерді өте жақсы көреді. Әдемі алқаптарда ұшып жүреді.

Мұғалім балаларға түрлі түсті қағаздан дайындалған гүлдер таратып, сұрақ қояды: «Табиғаттағы неге ұқсағыларың келеді?»

  1. 1 Оқушылар таңдаған нысанын гүл пішініндегі қағазға жазады.
  2. 2 Кезекпен тақтаға шығып, не үшін соған ұқсағысы келетінін түсіндіреді.
  3. 3 Гүлдерін тақтаға жапсырып, ортақ «гүлді алқап» құрастырады.
  4. 4 Барлығы аяқталғанда, мұғалім көбелекті дайын «гүл алқабына» қондырады.

Бұл жұмыс оқушыларды ұжымдық және топтық әрекетке тартып, өзара сыйластықты нығайтады әрі оқу ақпараты туралы түсінігін бекітеді.

6) Топпен ән айту

Көңіл күй

«Гүл көбелек» (А. Қалаубаеваның орындауындағы «Көңілді күн» әні) топпен орындалады.

7) Үй тапсырмасы

Жалғастыру

Өздеріне ұнаған табиғат көрінісінің суретін салу.

8) Сабақтың соңғы тыныштық сәті

Қорытынды
  1. 1 Денені түзу ұстап, басты сәл жоғары көтеріп, ыңғайланып отыру.
  2. 2 Көзді жұмса да болады.
  3. 3 Ауаны терең жұтып, терең тыныс алу.
  4. 4 Таза, шипалы ауаның тұла бойға толғанын сезіну.
  5. 5 Көзді ашуға болады.

Жаттығуды орындату барысында мұғалім балалардың дене қалпына, тыныс алуына және денесін бос ұстай білуіне ерекше назар аударады. Сабақ осылай қорытындыланады.