Сендер қай ұлттың баласысыңдар
Сабақ тақырыбы
Қазақтың ою-өрнектері (ересектер және мектепалды тобы).
Мақсаты
- Балаларға қазақтың ою-өрнектері туралы түсінік беру.
- Халық шеберлерінің еңбегіне құрметпен қарауға, ұлттық салт-дәстүрді жалғастыруға тәрбиелеу.
- Аппликация және құрастыру арқылы ою-өрнекке қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер
- Желім
- Түрлі түсті қатырма қағаз
Әдіс-тәсілдері
- Үйрету
- Көрсету
- Айтып түсіндіру
- Естеріне түсіру
Билингвальді компонент
Өрнек — узоры
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Балалар музыка әуенімен топқа кіреді. «Жылулық шеңбері» ұйымдастырылады: балалар бір-бірімен құшақтасып амандасып, орындарына отырады.
Тәрбиешінің сұрақтары
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстанның астанасы қай қала?
- Сендер қай ұлттың баласысыңдар?
Тәрбиеші балаларға әр халықтың өзіне тән ұлттық белгілері болатынын түсіндіреді: біздің рәміздеріміз, тіліміз, салт-дәстүріміз бар. Қазақ халқының ерекшеліктерінің бірі — ұлттық ою-өрнектер. Оюларды балалар күнделікті өмірде жиі көреді. Мысалы, көк туымыздың жиегі оюмен әшекейленген.
Балалардан қандай ою-өрнек түрлерін білетіні сұралады (қайталау). Тәрбиеші ою-өрнек түрлерін көрсетіп, балаларға атауды ұсынады. Одан кейін теледидардан қысқа бейне көрініс көрсетіледі.
2) Қонақпен кездесу және мақал-мәтелдер
Топқа ұлттық ою-өрнек түрлерін жақсы меңгерген шебер әже қонаққа келеді.
Әже
«Амансыңдар ма, немерелерім! Қане, кім ою-өрнек туралы мақал-мәтел біледі?»
Мунира
«Шебердің саусағы алтын, ою ойған сызу да сызады.»
Даниял
«Өз үйінде ою оймаған кісі, үйінде сызу сызады.»
Әйгерім
«Кедеймін деп қысылма, өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы жарқырап жатқан жолында.»
3) Ою-өрнек туралы балалардың ой-толғауы
Ақылбек
«Ою-өрнек — сәндік пен көркемдіктің, тазалық пен сұлулықтың белгісі. Ол көңіл күйді көтереді деп ойлаймын.»
Дулат
«Ою-өрнек салған адамның жүрегі нәзік, жаны таза болады.»
Алмас
«Ою-өрнек — ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра.»
Нұрдәулет
«Қазақтың ою-өрнегі ұрпақтан ұрпаққа көшіп, біздің заманымызға жетті.»
Түстердің мәні
Көк
Аспанның символы
Қызыл
Қуаныштың нышаны
Сары
Ақылдың белгісі
Қара
Жердің символы
Жасыл
Көктемнің белгісі
4) Дидактикалық ойын
«Өрнектерді кім тез анықтайды?» ойыны арқылы балалар ою-өрнек түрлерін жылдам танып, атап шығады.
5) Ұлттық киім үлгілері
Тәрбиеші ұлттық киім-кешектердің ою-өрнек арқылы ерекше көрінетінін атап өтеді. Балалар музыка әуенімен ұлттық сән үлгілерін көрсетеді.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық, мойнымызды бұрайық.
Оюлардан әртүрлі көрпеше жасап алайық.
Оңға, солға бір қарап, денемізді бұрайық.
6) Негізгі түсіндіру
«Ою-өрнек» сөзінің мағынасы — сәндеу, әсемдеу. Ол күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын, сырмақ, текемет, көрпеше, бөстек, сандық, кебеже, сондай-ақ киім-кешектерді безендіруде кең қолданылады.
7) Шығармашылық тапсырма
Тапсырма мазмұны
Геометриялық пішіндерден «Бес таңба» өрнегін құрастырып, аппликация әдісімен көрпеше жасау.
Орындалу реті
- Алдын ала қиылған пішіндерді үлгі бойынша қағаз бетіне орналастыру.
- Пішіндердің орналасуын тексеру, симметрия мен үйлесімділікті сақтау.
- Бөлшектерді біртіндеп желімдеп шығу.
Әже
«Ой, айналайын, бәрің де өнерлі, шебер, алғыр екенсіңдер!» — деп балалардың еңбегін бағалап, батасын береді.
Қорытынды
Жұмыстардан көрме ұйымдастырылып, балалардың еңбегі бағаланады. Оқу қызметіне белсенді қатысқан балалар мақталып, марапатталады.