Жаман жолдас жауға қияр
Сабақтың тақырыбы: Антонимдер (Қазақ тілі, 5-сынып)
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: сөз мағыналары туралы білімді пысықтау; мағыналары қарама-қарсы сөздерге мысал келтіру арқылы оқушылардың өздері антонимнің анықтамасын тұжырымдауына бағыт беру.
- Дамытушылық: өткен сабақ пен жаңа тақырыпты байланыстыра отырып, ойлау белсенділігін арттыру.
- Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, бірлікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ туралы
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Әдістері
- Сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру
- Көрнекілігі
- Кеспе қағаздар, суреттер, сөзжұмбақ, кесте
Негізгі ой
Антонимдер — мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Олар ойды әсерлі әрі бейнелі жеткізуге көмектеседі және мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда жиі қолданылады.
Ескерту: болымды–болымсыздық (жақсы — жақсы емес) пен антоним (жақсы — жаман) ұғымдарын шатастырмау керек.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1.Оқушылармен амандасу.
- 2.Оқушыларды түгендеу.
- 3.Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасы
84-жаттығуды тексеру.
Бекіту сұрақтары
- Омонимдер дегеніміз не?
- Синонимдер дегеніміз не?
- Омоним және синоним сөздерге мысал келтір.
II. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
Бүгінгі сабақта антонимдер ұғымын анықтап, оларды сөйлеуде және жазуда дұрыс қолдануды үйренеміз.
III. Жаңа тақырып: Антонимдер
Төмендегі мақал-мәтелдердегі қарама-қарсы мағыналы сөздерге назар аударайық.
- 1. Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет.
- 2. Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.
- 3. Жақсы жолдас — жанға серік, жаман жолдас — малға серік.
- 4. Шашу — оңай, жинау — қиын.
Бұл мысалдардағы үлкен — кіші, әдепті — әдепсіз, арлы — сорлы, жақсы — жаман, шашу — жинау, оңай — қиын сөздері мағына жағынан бір-біріне қарама-қарсы. Демек, мағыналары қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады.
Болымды–болымсыздық және антоним: айырмашылығы
Негізгі түсінік
Болымды–болымсыздық мағына жұрнақ немесе терістеу арқылы жасалады, ал антонимдер — мағынасы түбірінен қарама-қарсы болып келетін сөздер жұбы.
Салыстыру
| Болымды–болымсыздық | Антонимдер |
|---|---|
| жақсы — жақсы емес | жақсы — жаман |
| ал — алма | ал — бер |
| сулы — сусыз | сулы — құрғақ |
Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі жеткізудің ең тиімді құралдарының бірі. Сондықтан олар мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда, көркем мәтіндерде жиі кездеседі.
Сөзжұмбақ арқылы дәлелдеу
Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, антонимдердің мақал-мәтелдерде қалай қолданылатынын байқаймыз.
Сұрақтар
- Ақылдан жақсы дос жоқ, ашудан жаман … жоқ.
- Ашу — …, ақыл — дос.
- Дос … айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
- Көз — …, қол — батыр.
- Ащы мен тұщыны татқан білер, … мен алысты жортқан білер.
- Жақсыдан үйрен, жаманнан ….
- Алтын …, алғыс ал.
Жауаптар
- 1) …Қас
- 2) …Дұшпан
- 3) …Жылатып
- 4) …Қорқақ
- 5) …Жақын
- 6) …Жирен
- 7) …Алма
Практикалық жұмыс
Оқулықпен жұмыс және жаттығулар
- Оқулықпен жұмыс.
- Жаттығулар орындау.
- Деңгейлік тапсырмалар орындау.
Деңгейлік тапсырмалар
Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай беріледі. Әр деңгейде антонимдерді табу, құрастыру және қолдану дағдысы қалыптасады.
1-деңгей
Жұмбақтардың шешуін тауып, антоним сөздердің астын сыз.
-
Бір оған жасың да, кәрің де,
Ағытар сырының бәрін де.
Тыңдасаң, көп нәрсе ұғасың,
Әлемді айналып шығасың.Жауабы: радио
-
Асты тас, үсті тас,
Ортасында піскен ас.Жауабы: таба нан
-
Күні-түні көз ілмей,
Үйіңде тұрады.
Тіліңді алмайды,
Тетігін бұрамай.Жауабы: сағат
-
Бүгін киген ақ тоным,
Ертең болар қара тон.Жауабы: жер
-
Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар.Жауабы: тасбақа
-
Түнде бар, күндіз жоқ.
Жауабы: жұлдыз
2-деңгей
Биік, ашық, жаңа, жас, терең сөздерін қолданып, сөз тіркестері арқылы антоним жұптарын құрастыр.
- Биік тау — аласа тау
- Ашық есік — жабық есік
- Жаңа оқулық — ескі оқулық
- Жас адам — кәрі адам
- Терең су — таязы су
3-деңгей
Көп нүктенің орнына тиісті антоним сөзді қойып, мақал-мәтелдерді толықтыр.
- Саналы ерде сауыт бар, … ерде қауіп бар.
- Көп сөз — көмір, … сөз — алтын.
- Жаман жолдас жауға қияр, … жолдас жанын қияр.
- Білімдіге дүние жарық, …дің күні кәріп.
- Сол көзіңе …, көзің қарауыл болсын.
4-деңгей
Суреттерге қарап, антоним сөздер құрастыр.
Бұл бөлімде мұғалім алдын ала дайындаған суреттер пайдаланылады (мысалы: күн/түн, үлкен/кіші, таза/лас, жылы/суық).
Кестемен жұмыс
Кестедегі әр сөзге синоним және антоним тауып жаз.
| Берілген сөз | Синоним | Антоним |
|---|---|---|
| Жарлы | — | — |
| Жолдас | — | — |
| Қарт | — | — |
| Шағын | — | — |
| Бойшаң | — | — |
| Адал | — | — |
Сабақты бекіту
Антоним
Мағыналары қарама-қарсы сөздер.
Қызметі
- Ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізеді.
- Мақал-мәтелдер мен жұмбақтарда жиі қолданылады.
- Болымды–болымсыздық мағынадан (жақсы — жақсы емес) бөлек ұғым.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
- 1.«Антонимдер» тақырыбын оқу (40-бет).
- 2.Антонимдер қатысатын қысқа ертегі құрастырып келу.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы бағалау парағы арқылы және деңгейлік тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағаланады.
Бағалау өлшемдері: тапсырманың толық орындалуы, антонимдерді дұрыс табуы/құрастыруы, дәлелдеу және сауатты жазу.