Төртінші белгілеу

Сабақтың тақырыбы

«Кешкі дөң басында. Кеш»

Мақсаты

М. Әуезов пен Ә. Нұрпейісовтің шығармаларымен танысу, табиғатты суреттеу тәсілдерін байқау және шығармаларды өзара салыстыру.

Міндеттері

  • Табиғаттың ерекшеліктерін танып, көркем тілмен суреттей білу.
  • Екі мәтінді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
  • Сөйлеу мәдениетін дамыту, табиғатқа сүйіспеншілікті арттыру.
  • Әдептілікке, мейірімділікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру мәліметтері

Көрнекілігі
Суреттер, тірек сөздер.
Әдіс-тәсілдері
Сұрақ-жауап, БжС технологиясы.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Көшбасшыға сөз беріледі.
  • Үй жұмысы тексерілмейді (себебі жаңа тақырып).
  • ООМ бойынша жұмыс ұйымдастырылады.

2) Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру

Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі-қарсылы сұрақтар қойылады. Материалды бекіту мақсатында ООМ бойынша тексеру жүргізіледі.

Қайталау сұрақтары (21 сұрақ)

  1. Ө. Тұрманжанов кім?
  2. Қандай шығармасымен таныстық?
  3. «Малсақ» сөзі нені білдіреді?
  4. Атасы немересіне не тапсырды?
  5. Немересіне не айтты?
  6. Қозыны қайда қамау керек?
  7. Кімге алғыс айту керек?
  8. Иттің атын ата.
  9. Жақсы жігіт несімен жағады?
  10. Немересі атасына не айтты?
  11. Қозылары қандай?
  12. Несін қағады?
  13. Маңайдағы ағайын қалай мақтасын дейді?
  14. Атасы неге мәз болды?
  15. Бұл қай уақытта болды?
  16. Өлеңде иттің пайдасы туралы не делінген?
  17. Мал шаруашылығына байланысты қандай еңбектер атқарасың?
  18. Малды не үшін өсіреміз?
  19. Қойдың төлін ата.
  20. Қойдың пайдасын айт.
  21. Балаға мінездеме бер.

3) Қабылдауды ұйымдастыру

Ескерту

  • Екі сөзден тұратын түсінік екі сөз ретінде саналады.
  • Жады бойынша рұқсат: бір сөзге дейін қателесуге болады.

Жаңа тақырыпқа кіріспе

Бүгінгі сабақта М. Әуезов пен Ә. Нұрпейісовтің шығармаларымен танысамыз. Екі мәтін де кешкі мезгілге қатысты: «Кешкі дөң басында» және «Кеш». Авторлар туралы қысқаша мәлімет беріледі, мәтінге жалпы шолу жасалады.

Тірек сөздер

Есте сақтау уақыты: 30 секунд. Норма: 7 сөз — 30 сек.

жаздың сеңдей күнбатысқа шарлайды қызуынан бақташылар сауыншылар
  • Дәптерге жазу.
  • Дәптер алмасу және тексеру.
  • ООМ бойынша бағалау және екіншілік белгілеу.

4) Ұғынуды ұйымдастыру

Оқушылар оқулықтағы мәтіннің бір бетін 4 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім оқылған материал бойынша сұрақ-жауап жүргізілетінін алдын ала ескертеді.

Норматив: 3–4 сынып — мәтіннің бір беті 4 минут.

5) Түсінудің біріншілік тексеруі

Қарама-қарсы сұрақтар қою арқылы мәтін мазмұны тексеріледі.

Сұрақтар (1–23)

  1. Оқиға қай мезгілде болады?
  2. Қандай ауа сезіле бастайды?
  3. Күн ұясына қалай кіріп барады?
  4. Қандай бұлттар ентелеп тұрады?
  5. Аспан қандай?
  6. Кейбір жерлері қалай жайнайды?
  7. Таулар қалай суреттеледі?
  8. Дөң басы қандай күйге бөленеді?
  9. Кешке жақын қандай ауылдан шығамыз?
  10. Биік сары дөңге көтерілгенде қандай сезім пайда болады?
  11. Кейбір жерде аспан қалай көрінеді?
  12. Көтерілген биік таулар қалай көрінеді?
  13. Самал жел қайдан еседі?
  14. Адамдар мен жан-жануарлар туралы не айтылады?
  15. Кешкі самалға кімдер мән бермейді?
  16. Бақташылар қалай келеді?
  17. Күн ұзақ жайылған малдар қалай келеді?
  18. Аяқ астындағы шөпке неге қарамайды?
  19. Сиырлар неге асығады?
  20. Сауыншылар қалай дайындалады?
  21. Ненің иісі мұрын жарады?
  22. Күн адамға қандай болып көрінеді?
  23. Ұясына жақындаған сайын күн қандай күйге енеді?

Үшіншілік белгілеу: барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

6) Біріншілік бекітуді ұйымдастыру

Сыни сұрақтар арқылы тұжырымдарды «иә/жоқ» түрінде нақтылау жүргізіледі.

Сыни тұжырымдар (24–46)

  • 24Оқиға қыста болған жоқ.
  • 25Бойды сергіткен салқын ауа сезіле бастады. (Иә)
  • 26Күн ұясына әлсізденіп кіріп барады. (Иә)
  • 27Жұқалтақ, ұзынша бұлттар ентелеп тұр. (Иә)
  • 28Қара көк тұңғиық аспан толқынданады. (Иә)
  • 29Кейбір жерлері қызулы өрттің жалынындай жайнайды. (Иә)
  • 30Таулар көрінбей қалды. (Жоқ)
  • 31Дөң басы көңілсіз. (Жоқ)
  • 32Кешке жақын у-шу көбейген ауылдан шығамыз.
  • 33Биік сары дөңге көтерілгенде төмен түскендей боласың. (Жоқ)
  • 34Кейбір жерде аспан төніп, жерге қонып, жақындағандай болады. (Иә)
  • 35Көтерілген биік таулар іріктеліп, аспанға созылғандай көрінеді. (Иә)
  • 36Самал жел солтүстіктен еседі. (Жоқ, батыстан)
  • 37Адамдар күйдірген күн көзінен біржола құтылғандай болады. (Иә)
  • 38Кешкі самалға балалар мән бермейді. (Иә)
  • 39Бақташылар малдарын ауылға беттеп келеді. (Иә)
  • 40Күн ұзақ жайылған малдар ауылға асықпайды. (Жоқ)
  • 41Аяқ астындағы шөпті қалдырмай жеп келеді. (Жоқ)
  • 42Сиырлар сауылғанша асығады. (Иә)
  • 43Сауыншылар дайындалып жатыр. (Иә)
  • 44Гүлдердің иісі мұрын жарады. (Иә)
  • 45Күн адамға доп сияқты көрінеді. (Иә)
  • 46Ұясына жақындаған сайын бүкіл шығысты қып-қызыл түске бояйды. (Жоқ)

Төртінші белгілеу: барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

7) Талдау

Уақыт: 5 минут. Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі.

Бесінші белгілеу жүргізіледі.

8) Түйсіну

  1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады.
  2. Сабақ нәтижесіне сүйене отырып, сол тақырып бойынша алдағы жұмыс уақыты болжанады.
  3. Мұғалім тақырыптың аяқталу мерзімін нақтылап, «Ауызша сабақ 3» картасы бойынша ойын ережелерінің мүмкіндіктерін түсіндіреді.

9) Бағалау

Ұпай қою шкаласы

  • 4–5 белгі5 ұпай
  • 3 белгі4 ұпай
  • 2 белгі3 ұпай
  • 1 белгі2 ұпай

Сапа нормативі

Оқушылардың 63%5 ұпай алуы тиіс.

10) Үй тапсырмасы

4 белгіден төмен алған оқушыларға үй тапсырмасы беріледі.