Білімді болу - бәрінен бұрын адам болу деген сөз
«Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар» — бастауыштағы тәрбиенің, оқудың және еңбектің мәнін айқындайтын ой.
1-жүргізуші: Кіріспе сөз: Нұрдана, білімді болу дегеніміз не?
2-жүргізуші: Білімді болу — бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.
1-жүргізуші: Білім — сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өз мұқтажын, ой-арманын, талап-тілегін тек білім арқылы қанағаттандыра алады.
Апталықтың ашылуы
2-жүргізуші: Уа, жарандар, жарандар! Мына бізге қараңдар! Мінекей, залда тыныштық — естілмейді дыбыс түк. Мұны біз де қоштаймыз, кешіккенді тоспаймыз. «Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар» атты апталықты бастаймыз.
Негізгі ой: ел ертеңі — білімді ұрпақ
Аянат
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Еліміздің ертеңі білімді азаматтың қолында. Бүгінгі білімді шәкірт — ертең ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырлық пен алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.
Балауса
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай, болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін — білім.
Кітап пен білім туралы жыр
Мирас
Кітап керек — білім таңдап аларға,
Білім керек — іске жақсы қараға.
Кітап — шырақ, қара түнді ашатын,
Білім — жарық, нұрын саған шашатын.
Ақерке
Кітапты оқымайды — сыйламаған,
Білімге жанын салып қинамаған.
Өсірген кімнің болса да ой-өрісін,
Сол кітап — бас ақылшы күнде маған.
Пәндерге құрмет: тіл мен ғылым
Талап
Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл-білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Назерке
Қазақ тілі пәнінен білім алды балалар:
сөйлемді, сөз таптарын,
етістіктің шақтарын,
жалғаулар мен жұрнақтарды —
ережесін жаттадық.
Нұрдана
Ойланып есеп шығартқан,
Төрт таңбаны білдірген —
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы.
Анель
Жастың өсті санасы,
Елжірейді жүрегі.
Бастауышқа барған бала
Алғыс айтып жүреді.
Ұрандар мен ортақ үн
Бейбіт (бәрі бірге): Жерден ауыр дегенім — ақыл-білім,
судан терең дегенім — оқу-ғылым.
Хор — «Балапан»
Көңілді біздің балалар — ойнайды да күледі,
оқуды да ұмытпай, білімге көңіл бөледі.
Көңілді біздің балалар дос қадірін біледі,
досқа адал сондықтан көмекке әркез келеді.
Бейбіт
Кеудемнен сезім сел болып ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгіп, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Анель
Әбес деме мұнымды,
Айтайын бір шынымды:
талмай оқып, ізденіп,
игеремін ғылымды.
Талап
Адалмын мен халқыма,
адалмын мен антыма.
Кім болсам да елімнің
даңқына дақ салмаймын.
Нұрдана (бәрі бірге)
Ақыл, сана, біліммен — өнерге сенеміз!
Арым таза, ақ көңіл — адалдыққа сенеміз!
Абыройлы ақ ниет — адамдыққа сенеміз!
Ой түйін
Аянат: «Білем деме, балам! Білмейтінің көп шығар. Бәрін білген адам дүниеде жоқ шығар», — деп ақын ағамыз Өтебай Тұрманжанов айтқандай, көп білуге ұмтылайық.
Хор — «Балапан»
Кел, балалар, қанеки,
парақтайық әліпби.
Талай қызық күтуде
бәрімізді әлемде.
Жалықпа сен, жалықпа —
оқы, тоқы, арманда.
Бәрін білген балаға
жақын болар алыс та.
Қорытынды сөз
1-жүргізуші: Талпынамыз, тойлаймыз, талапты біз жоймаймыз. Ұлы мақсат шыңына шықпай әсте қоймаймыз. Осылайша «Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанатын аяқтаймыз.