Топ басшысын сайлау, бағалау парағын беру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Бұл сабақ 7-сынып алгебра курсындағы маңызды тақырыптардың бірі — бірмүше мен көпмүшеге амалдар қолдануды бекітуге арналған. Сабақ жарыс формасында ұйымдастырылып, жеке, жұптық және топтық жұмыстар арқылы оқушылардың теорияны практикада қолдану дағдылары дамытылады.
Сабақтың тақырыбы
Бірмүше және көпмүшелерге амалдар қолдану
Сабақтың түрі
Жарыс (бекіту сабағы)
Сабақтың әдісі
Жеке, жұппен және топпен жұмыс
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі, көпмүше және оларға амалдар қолдану, сондай-ақ көпмүшені көбейткіштерге жіктеу бойынша білімді тереңдету.
Дамытушылық
Ой-өрісті дамыту, логикалық ойлауды жетілдіру және теориялық білімді практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу және ұжымдық бірлікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар мен дереккөздер
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Тест тапсырмалары
- Компьютер
- Электронды оқулық
- Үлестірмелі топтамалар
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Алгебра. 7-сынып
А. Әбілқасымова, И. Бекбаев, А. Абдиев, З. Жұмағұлова
-
Алгебра. 7-сынып. Дидактикалық материалдар
А. Әбілқасымова, А. Абдиев, З. Жұмағұлова
-
Алгебра. Есептер жинағы. 7-сынып
А. Абдиев, С. Төлеубаева, В. Корчевский
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
А) Кіріспе
- Сәлемдесу, жағымды ахуал қалыптастыру, сәттілік тілеу.
- Топ басшысын сайлау, бағалау парағын тарату.
Ә) Топқа бөлу (түстер арқылы)
Сары
Дөңгелек
Қызыл
Үшбұрыш
Жасыл
Төртбұрыш
Тәрбиелік мазмұн
Ұлттық идеямыз — Мәңгілік Ел. Байлығымыз бен бақытымызға айналған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
Қазақстан – 2050 — Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Н. Ә. Назарбаев
«Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» (ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан) тақырыбы бойынша бейнематериал көрсетіледі.
II. Жаңа білімді бекіту (мағынаны ашу)
«Қазақстан – 2050» стратегиясы — барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Бүгінгі жетістіктер — әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы.
Оқушылардың да елдің көркейіп, дамуына қосар үлесі бар: ол — сапалы білім мен саналы ұлттық тәрбие. Тақырыпты ашу слайдтармен жұмыс арқылы жүргізіледі.
1) Бірмүшелерді көбейту ережесі
Бірмүшелерді көбейткенде олардың коэффициенттері көбейтіледі. Бірдей айнымалылардың дәреже көрсеткіштері қосылады, ал тек бір көбейткіш құрамында ғана кездесетін айнымалылар өзгеріссіз қалады.
Мысал 1
−3a2b3c және 5a3bc2d бірмүшелерін көбейтіңдер.
(−3a2b3c) · (5a3bc2d) = (−3·5)(a2·a3)(b3·b)(c·c2)d = −15a5b4c3d
2) Бірмүшені дәрежеге шығару ережесі
Бірмүшені дәрежеге шығару үшін оның әрбір көбейткішін сол дәрежеге шығарып, шыққан нәтижелерді көбейту жеткілікті.
Мысал 2
2a2y3z бірмүшесін 4-ші дәрежеге шығарыңдар.
(2a2y3z)4 = 24 · (a2)4 · (y3)4 · z4 = 16a8y12z4
3) Көпмүшелерді қосу және азайту
Көпмүшелерді қосқанда немесе азайтқанда нәтиже ретінде көпмүше шығады. Амалдар төмендегі ережелер бойынша орындалады:
-
Жақшаның алдында «+» таңбасы тұрса:
көпмүше мүшелері өз таңбаларымен жазылады.
-
Жақшаның алдында «−» таңбасы тұрса:
жақша ішіндегі мүшелер қарама-қарсы таңбамен жазылады.
Автор және мектеп
Мектеп
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, №8 негізгі мектеп.
Мұғалім
Математика пәнінің мұғалімі: Байкенова Лаззат Егінбаевна.