Электромагниттік индукция құбылысын ашқан кім
Сабақ тақырыбы
Электромагниттік индукция. Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: электромагниттік индукция құбылысын қарапайым әрі терең түрде, жан-жақты түсіндіру және тәжірибе арқылы көрсету.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен іздену, қорытынды жасау, өзін-өзі бағалау және сын көзбен қарау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке және отаншылдыққа тәрбиелеу, пәнге қызығушылықты арттыру.
Сабақ форматы
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Сабақ типі
- Жаңа тақырыпты меңгеру
Ресурстар мен байланыстар
Көрнекіліктер
- Презентация
- Видеоролик
- Портреттер
- Интербелсенді тақта
- Тест парақшалары
Пәнаралық байланыс
- Математика
- Тарих
- География
- Информатика
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 2 мин Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу және сынып тазалығына көңіл бөлу.
- 12 Өткенді қайталау: жұптық жұмыс.
- 15 Жаңа сабақты түсіндіру және видеоролик көрсету.
- 12 Жаңа сабақты бекіту: тест орындау, сөз құрастыру, суреттің мағынасын ашу.
- 1 Сабақты қорытындылау.
- 2 Оқушыларды бағалау.
- 1 Үй тапсырмасын беру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін тексеру:
- Заттардың магниттік қасиеттері неден пайда болады?
- Ампердің болжамдары қандай?
- Магниттер қандай денелер?
- Магнит өрісіндегі тоғы бар өткізгішке әрекет ететін күштің бағыты қалай анықталады?
- Магниттердің түрлері қандай?
- Ақпараттың магниттік жазылуы қалай жүзеге асады?
Жаңа сабақ: электромагниттік индукция
Проблемалық сұрақ
Магнит өрісі электр өрісін тудыра ала ма?
Табиғатта құбылыстар көбіне өзара байланысты болады. Егер электр тогы магнит өрісін тудырса, онда кері құбылыс та болуы тиіс. Дәл осы сұраққа жауап іздеген ағылшын ғалымы Майкл Фарадей магнит өрісі өзгергенде электр тогы пайда болатынын тәжірибе арқылы дәлелдеді.
Бұл құбылыс электромагниттік индукция деп аталады.
Тәжірибелер арқылы түсіндіру
Төмендегі тәжірибелердің ортақ түйіні: магнит өрісінің өзгерісі тұйық контурда индукциялық ток тудырады.
1-тәжірибе (129-сурет)
Екі шарғы + гальванометрА және В шарғыларын аламыз: А шарғыны гальванометрге, ал В шарғыны тұрақты ток көзіне қосамыз. Шарғыларды бір-біріне кигізгенде гальванометр токтың пайда болғанын тіркейді.
Егер бір шарғыны қозғалыссыз қалдырып, екіншісін қозғалтсақ та, токтың пайда болатынын байқаймыз.
2-тәжірибе (130-сурет)
Темір өзекше әсеріЕкі шарғы да қозғалмайды, бірақ В шарғыға темір өзекше енгізіледі немесе одан шығарылады. Өзекше енгізілгенде магниттеліп, өрісті күшейтеді; шығарылғанда өріс әлсірейді.
А шарғы тізбегінде ток тек өзекше қозғалғанда ғана пайда болады.
3-тәжірибе
Магнит + шарғыГальванометрге жалғанған А шарғыға магнитті енгіземіз. Бұл кезде гальванометр тілшесі токтың пайда болғанын көрсетеді. Магнитті шарғыдан шығарғанда тілше қарама-қарсы бағытқа ауытқиды, яғни ток бағыты да өзгереді.
Негізгі қорытынды
Тұйық өткізгіш контурын тесіп өтетін магнит өрісінің кез келген өзгерісі өткізгіште электр тогын тудырады.
Қолданылуы: генераторлар, трансформаторлар, энергияны жеткізу
Электр энергиясын өндіру: генератор
Электромагниттік индукция құбылысы жылу және гидроэлектр стансаларында электр энергиясын алу үшін қолданылады. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машиналар генераторлар деп аталады.
Негізгі бөліктері
- Индуктор
- Якорь
- Контакт сақиналары
- Контакт пластиналары
- Айналатын бөлік
- Ротор
- Қозғалмайтын бөлік
- Статор
Кернеуді түрлендіру: трансформатор
Кернеуді жоғарылатуға немесе төмендетуге арналған құрылғылар трансформаторлар деп аталады. Трансформатор темір өзектен және орам саны әртүрлі екі катушкадан тұрады.
Түсіндірме
Егер көп орамы бар бірінші орамаға (n₁) кернеу берілсе, электромагниттік индукция нәтижесінде аз орамы бар екінші катушкада (n₂) кернеу пайда болады. Көп жағдайда U₂ < U₁; керісінше жағдайда кернеу жоғарылауы мүмкін.
Электр энергиясын алыс қашықтыққа ең аз шығынмен жеткізу үшін оны жоғары кернеуде беру қажет.
Бекіту тапсырмалары
Тест сұрақтары
-
Магнит өрісін өзгерткенде электр тогы пайда болады. Бұл құбылыс қалай аталады?
A) Электр өрісі Ә) Электромагниттік индукция Б) Магнит өрісі
-
Электромагниттік индукция құбылысын ашқан кім?
A) Андре-Мари Ампер Ә) Алессандро Вольта Б) Майкл Фарадей
-
«Индукция» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
A) Магнит Ә) Бағыттау Б) Өріс
-
Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрал қалай аталады?
A) Трансформатор Ә) Генератор Б) Ротор
-
Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина қалай аталады?
A) Трансформатор Ә) Генератор Б) Ротор
2-тапсырма: сөзжұмбақ логикасы
Трактор + конденсатор + формула + мотор сөздерінің қосындысынан қандай құралдың атауы шығады?
3-тапсырма: суретті түсіндіру
Берілген суреттің мағынасын ашып, ондағы негізгі идеяны түсіндіріңіз.
Қорытындылау
Не білемін?
Бастапқы білімім мен түсініктерімді қысқаша жинақтаймын.
Не білдім?
Жаңа тақырыптан алған негізгі қорытындыларымды атап өтемін.
Нені білгім келеді?
Келесі сабаққа немесе қосымша ізденіске сұрақтар құрастырамын.
Үйге тапсырма
- 1 §59–60 оқу.
- 2 Майкл Фарадей туралы мәнжазба (қысқаша баяндама) дайындау.