Ақкөгершін тобына

Сабақтың мазмұны

Сабақ тақырыбы: «Музыкалық көңіл күй» — 5–6 сыныптар арасында өткізілетін сайыс сабақ.

Мақсаты: ойын арқылы оқушылардың алған білімдерін еске түсіру және тиянақтау.

Міндет 1

Шапшаңдықты шыңдау.

Міндет 2

Есте сақтау қабілетін дамыту.

Міндет 3

Сұлулыққа, әсемдікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Мұғалім

Ән мен күй — табиғат сұлулығын, адамның жан тебіренісін, сыртқы әсемдік пен жарасымдылықты асқақ сезіммен суреттей алатын өнер.

Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы, бос қақпай елең-селең.

Бүгінгі ән өнерімен өрнектелген сайыс сабағымызды бастаймыз. Ендеше, сайысымызда әділ баға беретін әділқазы мүшелерін тағайындайық.

(Әділқазылар алқасын сайлау)

2) Таныстыру бөлімі

Әр топ өз атауын және ұранын айтып таныстырады.

3) Сұрақ-жауап сайысы

Әр топқа — 2 минут

«Жауқазын» тобы

11 сұрақ
  1. Музыкалық қатарда неше нота бар?
  2. Музыка қатарындағы соңғы нота қандай?
  3. Бірнеше әншінің қосылып ән айтуын қалай атайды?
  4. Қазақтың ысқышпен ойналатын музыкалық аспабы қайсы?
  5. Тез арада өз жанынан өлең шығаратын адам қалай аталады?
  6. ҚР Мемлекеттік Әнұранының сөзін жазған кімдер?
  7. Оркестрді басқаратын адам кім?
  8. Күйді орындаушы қалай аталады?
  9. Форте нені білдіреді?
  10. Ерлердің жуан дауысы қалай аталады?
  11. Әннің қайталанып келіп отыратын бөлігін не дейді?

«Ақкөгершін» тобы

11 сұрақ
  1. Музыкада қатар сызылған 5 сызықты қалай атайды?
  2. Нота сызығындағы 3-нші нота қандай?
  3. Дыбыс реңкі әр түрлі аспаптардың бірігіп бір шығарманы орындауы қалай аталады?
  4. Әннің немесе күйдің әуенін шығаратын адам кім?
  5. Әнұранның әнін жазған кім?
  6. Қазақтың 7 ішекті аспабы қалай аталады?
  7. Әнді орындайтын адам қалай аталады?
  8. Үйлену тойында айтылатын әндер қалай аталады?
  9. Пиано нені білдіреді?
  10. Әйелдің жіңішке, биік дауысы қалай аталады?
  11. Нота қатарындағы 1-дыбыс қандай?

4) Суырыпсалма ақындық өнер

Әр топқа өлең жолдары беріледі. Топтар сол шумақты жалғастыруы керек.

«Жауқазын» тобына

Сабаққа ертең ерте...
Қиналды уәдесін...
Ұйқысы қанбай қалды Исламбектің,
Түнімен теледидар...

«Ақкөгершін» тобына

Асқар жүр коридорға барамын деп,
Қайтсем де жоқты тауып...
Үстелге апай жоқта отырып алды,
Өзінше: «Мен мұғалім»...

5) «Өз әуеніңнен жаңылма» ойыны

Әр топтан екі оқушы ортаға шығып, өзі қалаған әнін орындайды. Негізгі шарт — әнді өз әуенінен жаңылмай, дұрыс жеткізу.

6) «Ақ көңіл ағызайын әннің майын»

Мұғалім әннің екі жолын айтады, ал қалған екі жолын топтар кезекпен жалғастырады.

1-үзінді

Мұғалім

Басында Қамажайдың бір тал үкі,
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі.

Оқушылар

Айрылып Қамажайдан отырғанда,
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі.

2-үзінді

Мұғалім

Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.

Оқушылар

Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.

3-үзінді

Мұғалім

Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.

(Жалғасын топтар кезекпен айтады.)