Ыбырай Алтынсарин Өнер - білім бар жұрттар Сабақ мақсаттарыБарлық оқушылар орындай алады
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады
Тыңдалым материалдарының мазмұнымен танысады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Өлең мазмұнымен таныса отырып, мәтін мазмұнына бағытталған сұрақтарға жауап береді.
Кейбір оқушылар орындай алады
Тыңдалым әрекетін мұқият орындап, мазмұн негізіне бағытталған сұрақтарға жауап береді және «Бес жолды өлең» құрастырады.
Сабақ барысы
Басы
- Психологиялық ахуал қалыптастыру.
- «Шаттық шеңбері» тренингі арқылы жағымды орта орнату.
- «Пазл» әдісі бойынша топқа бөлу.
Ортасы
- Өлеңді үнтаспадан тыңдау.
- Тыңдай отырып тапсырмаларды орындау.
- Жауаптарды өмірмен байланыстыра отырып беру.
Бағалау критерийлері (дескриптор)
- Сұрақтармен танысады.
- Өлең мазмұнынан алынған сұрақтарға қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, бір сөйлеммен жауап жазады.
Әдіс:
«Ойлан, жұптас, бөліс»
Өлең мәтіні
Ыбырай Алтынсарин — «Өнер-білім бар жұрттар»
Өнер-білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызды. Аты жоқ құр арбаны, Мың шақырым жерлерге, Күн жарымда барғызды. Адамды құстай ұшырды. Мал істейтін жұмысты От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді. Теңізде жүзді балықтай, Дүниені кезді жалықпай. Білгендерге осылар — Бәрі де анықтай.
Талдауға бағытталған ой
Өлеңде ғылым мен техниканың адам өмірін жеңілдетіп, қашықтықты жақындататын мүмкіндіктері суреттеледі.
Тапсырмаға нұсқау
Өлең жолдарындағы ойды қазіргі өмірмен байланыстырып, бір сөйлеммен жауап беріңіз.