Оқушыларды топқа бөлу. Формативті бағалау
Сабақтың тақырыбы: М. Төрежанов — «Алғыс»
Бұл сабақтың өзегі — оқушыны мәтінді мәнерлеп, сауатты оқуға жетелеу, оқығанын түсініп, мағынасын терең ұғындыру және өз ойын дәлелді түрде жеткізуге үйрету.
Мақсаты
- Мәтінді мәнерлеп, сауатты оқуға дағдыландыру.
- Мәтін мазмұнын түсініп, мағынасын ұғынуға үйрету.
- Ой қорытып, өмірмен байланыстыра білуге жетелеу.
Күтілетін нәтиже
Мәтін мазмұнын түсінеді, төмен деңгейлі сұрақтарға жауап береді.
Негізгі ойды табады, шығарманың идеясын түсіндіреді.
Өз ойын еркін жеткізеді, жоғары деңгейлі сұрақтарға жауап береді, қорытынды жасап, өмірде қолданады.
Керекті жабдықтар
- «Әдебиеттік оқу» оқулығы (3-сынып): Б. А. Тұрғынбаева, З. Муфтибекова (Алматыкітап, 2011).
- Әдістемелік нұсқау (З. Муфтибекова), кері байланыс парақтары.
- Маркер, қарындаш, флипчарт, фломастер.
- Ноутбук, буфер.
Сабақта қолданылатын тәсілдер
Сабақ барысы
Кіріспе
-
1) Психологиялық дайындық
Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру, ынтымақтастыққа бағыттау.
-
2) Видеоролик
«Еңбекқор құмырсқа» мультфильмін көрсету. Талқылау сұрағы: «Бұл мультфильмнен қандай қорытынды жасауға болады?»
-
3) Топқа бөлу
Жеміс-жидектер арқылы топтастыру.
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен соңғы үш тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар дайындалып келген сұрақтарға жауап береді.
«Басбармақ» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Тұсаукесер
- Ребус арқылы тақырыпты ашу: «алғыс».
- Мәдіхат Төрежанов туралы қысқаша мәлімет беру.
Негізгі бөлім
Мәтінді оқушылар өз бетімен түсініп оқиды, топта талдайды.
Әр топтан оқушылар кейіпкерлерді бөлісіп, мәтінді рөлге бөліп оқиды.
Сергіту сәті
«Менің қазіргі бейнем»: оқушылар төбесіне қолын қойып, өз бейнесін қимыл арқылы көрсетеді.
Топтастыру жұмысы
Тақырыпқа қатысты ұғымға анықтама мен сипаттама береді.
Берілген ұғымды ашып, мысалдармен толықтырады.
Ұғымның мағынасын өмірмен байланыстырып түсіндіреді.
Әр топқа бір ұғым беріледі: жомарт күз, алтын күз, күрең күз. 2 минут ішінде топ өз ұғымына анықтама мен сипаттама дайындайды. Уақыт аяқталған соң топтар орын ауыстырып, басқа топтың жұмысына қосымша сипаттама немесе түсініктеме жазады.
Ой-толғаныс
Талқылау: «Егер еңбегіңе жұрт алғыс айтып, сүйсінер болса, бұл — еңбегіңнің бағаланғаны» деген ойды қалай түсінесіңдер?
Сұрақ: Еңбек етіп, алғыс алған сәттерің болды ма? Сол жағдайдан қандай сабақ алдыңдар?
Дәптермен жұмыс
- Тақырып ұғымын анықтап жазу.
- Шығарма идеясы ұғымын жазып, мәтінмен байланыстыру.
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы кері байланыс беру.
Автор туралы
Мектеп
БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы — Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі.
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі: Мукашева Айнұр Даниярқызы.
Материал: М. Төрежанов — «Алғыс».