Сұраулы сөйлемді тап
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Сөйлемнің негізгі мүшелерінің бірі — бастауыш туралы түсінік беру. Бастауышты сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Дамытушылық
Шығармашылық қиялды, сөздік қорды байыту; есте сақтау дағдыларын және ой белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік
Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа және көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық жағдаят қалыптастыру:
Жаны сұлу,
Жүрегі жылы.
Білімді де қажырлы
Азамат болып өсіңдер!
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) Оқушылардың жазып келген тапсырмаларын нұсқаулыққа сай оқытып, талдау. 19-жаттығу: әр сөзге сұрақ қойғызу.
- Тігіншіні инесі асырайды.
- Ұстаздан шәкірт озар.
- Жақсы жан сөзге семірер.
2) Оқушылардың білімін шағын тест арқылы тексеру.
-
1. Сөйлем мүшелері дегеніміз:
- а) Сөйлем құрамындағы кез келген сан
- ә) Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беретін толық мағыналы сөз
- б) Хабарлы сөйлем
-
2. Сұраулы сөйлемді тап:
- а) Сен кел
- ә) Сабаққа дайындалдың ба?
- б) Үйге қайтайық
-
3. Дұрыс құрастырылған сөйлемді тап:
- а) Әңгіме ұнады бәрімізге қызықты
- ә) Қызықты әңгіме бәрімізге ұнады
- б) Ұнады қызықты әңгіме бәрімізге
-
4. Лепті сөйлемді тап:
- а) Үлкен рахмет!
- ә) Тағы келдің бе?
- б) Асан жүрді
-
5. Сөйлем неден құралады?
- а) Бірнеше сөзден
- ә) Дыбыстан
- б) Әріптен
Көркем жазу
Әріп жазу
Бб Бб Бб Бб
Сөздер
Бояу, Ботагөз, балалар, барабан, арбакеш, бұлбұл
III. Жаңа сабақ
Бастауыш — сөйлемнің негізгі мүшесі. Ол кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап береді және қимыл-іс әрекет иесін білдіреді.
Мысал
Күн суытты.
Мысал
Боран соқты.
IV. Оқулықпен жұмыс
22-жаттығу: сөйлемдерді көшіріп жазу. Қарамен берілген сөздердің астын сызу, оларға сұрақ қою. Бұл сөздердің қимыл иесі екенін анықтау.
23-жаттығу: бір оқушы тақтада, қалғандары орындарында орындайды. Қимыл иесі болатын сөздердің астын сызу, оларға сұрақ қою.
V. «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны
Жұмбақты шешіп, жатқа жазу. Содан кейін әр сөйлемдегі бастауышты табу.
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.
Жауабы: Күз
VI. Сергіту сәті
Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер арқылы қатарлар арасында шағын жарыс ұйымдастыру.
VII. Шығармашылық тапсырмалар
1) «Адасқан бастауыштар»
Бастауыштарды өз орнына қойып, дұрыс сөйлем құра. Тірек сұрақ: Не қалай дыбыстайды?
- Арыстан боздайды.
- Түйе мөңірейді.
- Жылқы ақырады.
- Қой кісінейді.
- Сиыр маңырайды.
2) Карточкамен жұмыс
К-1
Сөйлемдерден бастауышты тап, астын сыз, сұрақ қой.
- Айбек сабақ оқыды.
- Жандос жейде киді.
- Марал әдемі көбелек ұстады.
- Әже бауырсақ пісірді.
- Мектепте бүгін мереке өтті.
К-2
Сөйлемдерден бастауышты тап, астын сыз, сұрақ қой.
- Марат далада ойнады.
- Асқар әдемі сурет салды.
- Далада жаңбыр жауды.
- Балалар ойын ойнады.
- Әсем қызық кітап оқыды.
VIII. Топтық жұмыс
1) Сурет бойынша әңгіме құрап жаз. Жазған сөйлемдеріңнен бастауышты тап.
Есте сақта
Бастауышты табу қадамы
- Сөйлемнен қимылды білдіретін сөзді (баяндауышты) тап.
- Оған кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарын қой.
- Сұраққа жауап болған сөз — бастауыш.
Қысқа мысал
Күн суытты.
Сұрақ: не? — күн (бастауыш)
Боран соқты.
Сұрақ: не? — боран (бастауыш)