Қыз әкесіне келіп, көз жасын бұлап тұрып
Сабақ туралы мәлімет
Қызылорда қаласы, №112 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Балғабаева Перизат Мұратқызы.
Сабақтың тақырыбы: «Еңбек — бәрін жеңбек».
Мақсаты
Еңбек ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңызын ашу.
Міндеттері
- Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру.
- Еңбекке қызығушылықты арттыру және оны дамыту.
- Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Көрнекі құралдар
Сабақтың ұйымдастырылуы
Ұйымдастыру кезеңі
Сынып 3 топқа бөлінеді. Оқушылардың назары сабаққа аударылады.
Тыныштық сәті
Жай әуен тыңдалып, оқушылардан қандай дыбыстарды аңғарғаны сұралады (аққан су, құстардың дауысы және т.б.).
Мұғаліммен диалог
Сұрақ
Бір жылда неше мезгіл бар?
Сұрақ
Қазір қай мезгіл?
Сұрақ
Қыстан кейін қай мезгіл келеді?
«Күн» қонағы
Оқушылар құрастыру тапсырмасы арқылы қонақтың кім екенін табады — тақтаға Күн суреті шығады. Күннің шуағы сыныпты нұрға бөлейтіні айтылып, бар өміріміз күндей жарқырай берсін деген тілек білдіріледі.
Сабақ ұраны
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Үй тапсырмасы және талқылау
Үй тапсырмасы
«Еңбексіз өмір — сүреңсіз» мысал-әңгімесі бойынша 3 топтан 3 оқушы мазмұндайды.
Сұрақтар бойынша жұмыс
- Сендерге қай пышақ ұнады?
- Мысалдағы қара пышақты қандай адамға ұқсатуға болады?
- Сары пышақты қандай адамға ұқсатуға болады?
- «Еңбексіз өмір — сүреңсіз» дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың пікірлері тыңдалады.
Сахналық қойылым
«Қайдан келдің, бауырсақ?» қойылымы. Оқушылар рөлдерге бөлініп ойнайды (автор, қуыршақ, бауырсақ).
Дәптермен жұмыс
Үйден жазып келген «Еңбек — бақыт бастауы» тақырыбындағы әңгімелерін оқиды.
Сергіту сәті
Өлең қимыл-қозғалыспен орындалады:
Қырға шықсаң, өрлеп —
Мұның аты — еңбек.
Кесте тіксең, зерлеп —
Мұның аты — еңбек.
Сабағыңа жөндеп әзірленсең — еңбек.
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.
Күн әкелген тапсырма
Тақтада «Жақсылардың жақсысы» тақырыбы шығады.
Жаңа тақырып: аңыз
Баяғыда бір адам жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі, жарық, биік әрі өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен.
Бір күні кішкентай қыз бақшаны да, барлық бөлмені де аралап шығады. Тек бір бөлме ғана кірілмей қалыпты — ол үнемі жабық тұрады екен.
Қыз әкесіне: «Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерден де жақсы ғой деп ойлаймын», — дейді.
Әкесі: «Дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың», — деп жауап береді.
Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыз қуанып, жүгіріп барып, есікті ашып жібергенде, ішінде тек ұршық, өрмек және кітап тұрғанын көреді.
Қыз әкесіне көзіне жас алып: «Әке, сен жабық бөлмеде “жақсылардың жақсысы” бар деген едің. Мен ұршық, өрмек, кітаптан басқа ештеңе таппадым», — дейді.
Әкесі: «Міне, жақсылардың жақсысы деген — осылар, қызым!» — деп жауап береді.
Талқылау сұрағы
Неліктен әкесі ұршықты, өрмекті және кітапты «жақсылардың жақсысы» деп санайды?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Аңыздың түйіні
Әкесі түсіндіреді: ұршық пен өрмек — еңбектің нышаны, ал кітап — білімнің көзі. Дүниедегі бар игілік еңбек пен білім арқылы табылады.
Сөздік жұмысы
- Ұршық
- Шүйкелеп жүн иіруге арналған жеңіл құрал.
- Өрмек
- Тоқуға арналған құрал.
Түсінгенін тексеру
- Неліктен әкесі ұршықты, өрмекті және кітапты «жақсылардың жақсысы» дейді?
- «Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады» дегенді қалай түсінесіңдер?
Топтық қорғау
3 топқа ұршық, өрмек, кітап суреттері бар парақ беріледі. Әр топ бірлесіп, бір оқушы сол заттың пайдасын қорғайды.
Топпен жұмыс: өлең жолдарының мағынасы
1-топ
Салақ болсаң жасыңнан,
Шыбын кетпес қасыңнан.
2-топ
Таза болсаң жасыңнан,
Сабын кетпес қасыңнан.
3-топ
Жалқау болсаң жасыңнан,
Ұйқы қалмас қасыңнан.
Еңбек сүйсең, табылар,
Бар жақсылық басыңнан.
Дәптермен жұмыс: мәтін құрастыру
Мұғалім оқушыларға дәптер бетіндегі суреттерді пайдаланып, тақтадағы сөйлемдерді оқып, мағыналы мәтін құрастыруды тапсырады:
Балалар аулаға шықты.
Қолдарында күректері бар.
Олар бақшаға отырғызу үшін жиналды.
Ербақыт пен Ерлан күрекпен жер қазды.
Еркінбек пен Дархан тырмамен тегістеді.
Балалар гүлдің дәнін сеуіп шықты.
Әсел, Аяулым, Ақбота шелекпен су құйды.
Балалар жаз бойы еңбектенді.
Күзде өз еңбектерінің нәтижесін көріп қуанды.
Қорытынды
Еңбек — адамның өзіне, өміріне және қоғамға пайда келтіретін іс-әрекет. Еңбек арқылы адам арманы мен мақсатына жетіп, қуаныш пен бақытқа бөленеді.
Негізгі ой
Еңбек + білім = өмірлік табыс.
Ән
«Болайықшы осындай» әні орындалады:
Жақсы бала еңбекшіл —
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Еңбекшіл осындай —
Болайықшы, досым-ай.
Таза бала мұнтаздай —
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бол қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Рефлексия және бағалау
Рефлексия сұрақтары
- Бүгінгі сабақта не ұнады?
- Не қиын болды?
Бағалау
Әр топ бір-бірін «басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.