Сөздік формада
Сабақ тақырыбы
Алгоритмді жазу түрлері. Блок-сызба.
Жалпы мақсат
Алгоритмнің жазылу формаларын түсіндіру арқылы оқушылардың пәнге және білімге қызығушылығын арттыру; шығармашылыққа баулу; ойды еркін, нақты жеткізе білуге үйрету; тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу; ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру.
Сілтемелер
- 6-сыныпқа арналған информатика оқулығы
- Жұмыс дәптері
Оқу нәтижесі
Оқушылар алгоритм ұғымын және алгоритмнің жазылу формаларын біледі; алгоритмді блок-сызба түрінде көрсете алады.
Сабақта қолданылатын материалдар
Оқыту әдістері және жұмыс түрі
Әдістер
- Сұрақ-жауап
- Диалог
- АКТ
- Сын тұрғысынан ойлау
Жұмыс түрі
Жеке жұмыс.
Сабақ барысы
I. Психологиялық ахуал қалыптастыру
3 минутОқушылармен амандасу, түгендеу.
Топқа бөлу: сурет қиындылары арқылы.
1) «Тілек жазу»
Мақсаты: ынтымақтастықты нығайту және көңіл күйді көтеру. Оқушылар парақшаларға тілек жазып, бүктеп қорапшаға салады. Қорапша араластырылып, қайтадан таратылады.
2) Бағалау парақшасы
Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.
II. Үй тапсырмасын сұрау
5 минут«Миға шабуыл» (сұрақ-жауап)
- 1. Алгоритм дегеніміз не?
- 2. Алгоритмді кім атқара алады?
- 3. Орындаушының командалар жүйесі деп нені атайды?
- 4. «Алгоритм» атауы қайдан шыққан?
- 5. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата.
III. Жаңа тақырып
8 минутТақырыпты ашу
Ребус шешу арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.
Алгоритмді ұсынудың формалары
Алгоритмді әртүрлі формада ұсынуға болады. Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушыға тәуелді.
- Сөздік формада
- Графикалық формада
- Алгоритмдік тілде
- Программалау тілінде
Блок-сызба (блок-схема)
Блок-сызбада әр іс-әрекет арнайы фигуралар арқылы сипатталады:
Басы және соңы
Эллипс (сопақша шеңбер) арқылы белгіленеді.
Іс-әрекет
Тіктөртбұрышқа жазылады.
Енгізу/шығару
Параллелограммға жазылады.
Байланыс сызықтары
Барлық элементтер стрелкалармен байланысады; олар алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді.
Мысал
Екі санды қосу алгоритмін блок-сызба түрінде көрсету.
Түйін
- Алгоритм сөздік формада, графикалық түрде, алгоритмдік тілде және программалау тілінде беріледі.
- Алгоритмнің басы және соңы эллипспен (сопақша шеңбер) белгіленеді.
- Іс-әрекеттер тіктөртбұрышты фигурада жазылады.
- Енгізу және шығару мәліметтері параллелограммға жазылады.
- Блок-сызба элементтері байланыс сызықтарымен (стрелкалармен) қосылып, орындалу бағытын көрсетеді.