Жуан дауыстыларды ата. Жіңішке дауыстыларды ата
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Дауысты дыбыстардың жұп болып айтылу себебін мысалдар арқылы түсіндіру, бата туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Жылдам ойлау, дұрыс сөйлеу арқылы сөздік қорды арттыру, шығармашылық қабілетті дамыту.
Тәрбиелік
Үлкенді сыйлауға, көркем жазу арқылы ұқыптылық пен сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды сабаққа дайындау және психологиялық дайындық.
Психологиялық дайындық өлеңі
Ойға толып санамыз,
Бестік болып бағамыз.
Баласындай әр үйдің,
Тату болсын арамыз.
II. Үй тапсырмасы
Оқу, талдау және өткенді пысықтау.
- «Әдептілік әліппесі» өлеңін мәнерлеп оқу, сұрақтарға жауап беру.
- «Менің атам» тақырыбындағы әңгімелерді оқу, қорытындылау.
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»
ТапқырлықСуретке қарап сөзді табу және дыбыстық талдау жасау:
Алма
Бұзау
Күрек
Сөмке
III. Жаңа сабақ
Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды тану және салыстыру.
Сұрақ-жауап
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Жуан дауыстыларды ата.
- Жіңішке дауыстыларды ата.
1) Сөздерді оқы
Сан — сән
От — өт
Ыс — іс
Ұн — үн
Нан — нән
Боз — бөз
Тыс — тіс
Тұс — түс
2) Мағынасын түсіндіріп, дыбысталуын байқа
Дауысты дыбыстардың ұқсас дыбысталуына назар аударыңдар: А–Ә, О–Ө, Ы–І, Ұ–Ү. Бұлар — жуан және жіңішке жұп дауыстылар, өзара дыбысталуы ұқсас.
47-жаттығу: Жаңылтпаш
Дұрыс оқуЖаңылтпашты тез әрі дұрыс оқыңдар:
Дән — дәулет
Дәулет — дән
Сән — сәулет
Сәулет — сән
Сергіту сәті
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
Дәптермен жұмыс
Жазылым48-жаттығу: Сөйлемдерді көшіріп жаз
Біз ауамен дем аламыз.
Адамға таза ауа өте қажет.
Әуе ашық, таза.
Талдау сұрағы: «Ауа» және «әуе» сөздерінің қайсысы жуан, қайсысы жіңішке?
Мақал
Әке көрген оқ жонар.
Топтастыру
ЖүйелеуАлфавит ретімен қой
Әке
«Бата» тақырыбы
Бата — үлкен кісінің ақ тілегі. Ол тойларда және салт-дәстүрлерде беріледі: бесікке салу, тұсау кесу, сүндет той және басқа да қуаныштарда. Ас ішіліп болғаннан кейін де бата беріледі.
Бұл сабақта бізге ата бата береді.
Мәтінмен жұмыс
ОқылымМұзафар Әлімбаевтың «Ақсақалдың ақ батасы» өлеңін оқу. Ақынның суретін көрсету. Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
Мақал
Ата балаға сыншы.
Мақал
Ата — бәйтерек, бала — жапырақ.
Мақал
Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер.
IV. Қорытынды
Білімді бекіту және ауызша қорытынды жасау.
Тапсырма
Кім бата біледі — сыныпқа бата берсін. Оқушылар өздері білетін баталарын айтады.
Венн диаграммасы (дауыстыларды топтастыру)
Жуан дауыстылар
А, О, Ы, Ұ
Жіңішке дауыстылар
Ә, Е, Ү, І
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
V. Үйге тапсырма
Келесі сабаққа дайындық.
Мұзафар Әлімбаевтың «Ақсақалдың ақ батасы» өлеңін жаттау.
Есте сақтайық
Жұп дауыстылар
А — Ә
Жұп дауыстылар
О — Ө
Жұп дауыстылар
Ы — І
Жұп дауыстылар
Ұ — Ү