Қуат туралы түсінігін қалыптастырып, білімдерін шыңдау

Сабақтың тақырыбы

§52. Қуат (презентациямен).

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қуат туралы түсінік қалыптастыру, білімдерін тереңдету. Оқушылардың алдыңғы тарау бойынша материалды қаншалықты меңгергенін анықтау.

Тәрбиелік

Оқушыларды ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Физика пәніне қызығушылық пен ынтаны арттыру, есеп шығару дағдыларын дамыту.

Сабақтың форматы

Түрі

Дәстүрлі

Типі

Жаңа білімді меңгерту

Әдістері

Түсіндіру, топпен жұмыс

Көрнекіліктер

Плакаттар, техникалық құралдар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Екі топқа бөлу.
  • Әр топтан капитандарды сайлау.

II. Үй тапсырмасына шолу

  1. Қандай физикалық шаманы жұмыс деп атаймыз және ол қандай шамаларға тәуелді?
  2. Қандай жағдайда жұмыс істелінді деп айтуға болады?

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Белгілі бір жұмысты орындауға әртүрлі уақыт жұмсалады. Мысалы, адам еңбегі мен техниканың мүмкіндігін салыстырсақ, бір жұмысшының көптеген сағат бойы қолмен жинаған астығын комбайн қысқа уақытта жинап үлгереді.

Сол сияқты, нақты бір жүкті көтеру сияқты жұмысты жұмысшыға қарағанда көтергіш кран әлдеқайда тез орындайды.

Сондықтан физикада жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын қуат деген шама енгізілген.

Қуат — істелген жұмыстың сол жұмысты орындауға кеткен уақытқа қатынасы:

P = A / t

Мұнда A — жұмыс, t — уақыт.