Жемістер мен көкөністерді ажырату, атауларын айту
Білім беру саласы және оқу іс-әрекеті
- Білім беру саласы
- Қатынас
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- Тіл дамыту
- Тақырыбы
- Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Қостілдік
Пайдаланылған көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, слайд-презентация
- Мольберттегі түрлі-түсті суреттер
- Луллия шеңбері (Кольцо Луллия)
- Топ балаларының физминутка видеосы, музыка
Мақсаттары
Білімділік
Дидактикалық ойындар арқылы балалардың бұрын алған білімдерін кеңейту.
Дамытушылық
Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорды байыту; ТТШТ (ТРИЗ), Луллия шеңбері, мольберттегі түрлі-түсті суреттер және интерактивті тақтадағы ойындар арқылы ойлау мен тілдік дағдыларды дамыту.
Тәрбиелік
Балаларды табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа және білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Шаттық шеңбері
Балалармен жылы амандасып, көңіл күйді көтеретін қысқа әңгіме жүргізіледі. Одан кейін төмендегі сұрақтар арқылы тақырыпқа кіріспе жасалады:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі туралы қандай жыр-шумақтар білесіңдер?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше бүгін бірнеше қызықты ойын ойнайық.
Күзгі саяхат: бақ пен бақшаға назар аударамыз
Интерактивті тақтаға назар аударып, күз мезгіліне байланысты бақ пен бақшаға «саяхатқа» шығамыз. Осы бөлімде балаларға тапсырмалар слайд-шоу арқылы ұсынылады.
Ойын: «Бақта ма, бақшада ма?»
Мақсаты: өткен тақырып бойынша жемістер мен көкөністерді ажырата білу, атауларын дұрыс айту және қызықты суреттер арқылы тілін дамыту.
1) Ажыратып айту
Жемістер мен көкөністерді бөліп, атауларын анық әрі дұрыс айту.
2) Түсі бойынша орналастыру
Алманың түсіне қарап, сәйкес себеттерге орналастыру.
3) Көлеңкесі арқылы табу
Жемістердің көлеңкесіне қарап, қай жеміс екенін анықтау.
Шарты: слайд-шоуда берілген тапсырмаларды ретімен орындау.