Сөйлемнің екінші түрі - лепті сөйлем
Бөлім: Тіл дамыту
Тақырып
Сөйлем түрлері (хабарлы, лепті, сұраулы)
Мақсаты
- Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету және дауыс ырғағына қарай ажырату дағдысын дамыту.
- Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
- Мнемокестемен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
- Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс
- Өңір
- — аймақ.
- Желу
- — жылдам жүріс.
Көрнекіліктер
- Қима суреттер
- Жұмыс дәптері
- Мнемокесте
Билингвальды компонент
Қазақша
Аққала
Орысша
Снеговик
Қазақша
Далада қар жауып тұр.
Орысша
На улице идет снег.
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Арайлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз!
Қайырлы таң, балалар!
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Кіріспе сұрақ
Балалар, біз бір-бірімізді түсіну үшін не істейміз? Ойымызды сөйлем арқылы жеткіземіз. Сөйлемнің үш түрі бар: хабарлы, лепті, сұраулы.
1) Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем бір нәрсені хабарлайды. Сөйлем соңына нүкте (.) қойылады.
Мысал
Далада қар жауып тұр.
Нүкте туралы өлең
Нүкте деген білгенге,
Жай ғана бір ноқат па?!
Жоқ, онсыз сөйлем де,
Жоқ өлең де, жоқ хат та!
Жазып жатқан кездерде
Асықпай ол күтеді,
Асқан дана сөздер де,
Сол нүктемен бітеді.
Тапсырма
Суреттерге қарап, өз қалауың бойынша хабарлы сөйлем құрастыр.
2) Лепті сөйлем
Лепті сөйлем адамның көңіл күйін білдіреді: қуану, ренжу, өкіну, таңдану және т.б. Мұндай сөйлем ерекше сезіммен айтылады. Соңына леп белгісі (!) қойылады.
Мысал
Алақай! Қар жауды!
3) Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем бір нәрсені сұрап білуді білдіреді. Сөйлем соңына сұрақ белгісі (?) қойылады.
Жұмбақ-сұрақ
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын —
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Сурет бойынша әңгімелеу: «Қысқы ойындар»
Әңгіме құрастыру
- Сурет бойынша қысқы ойындар туралы әңгіме құрастыр.
- Ойнап жүрген балаларға ат қой.
- Олардың көңіл күйін бақылап, іс-әрекеттерін сипатта.
Билингвальды тіркестерді бекіту
Аққала
Снеговик
Далада қар жауып тұр.
На улице идет снег.
Ойын: «Қажетті тыныс белгілерін қой»
Ойын шарты: берілген суреттердің мағынасына сәйкес құрастырылған сөйлемдерге дұрыс тыныс белгілерін қой.
Хабарлы
.
Лепті
!
Сұраулы
?
Дәптермен жұмыс
- Тапсырмаларды орындау.
- Жеке жұмыс жүргізу.
Автор туралы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы. Балабақша тәрбиешісі — Умарова Самал Калижановна.