Сөздерді тақтада жазу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақ түрі

Саяхат сабақ

Әдісі

Түсіндіру, сұрақ-жауап

Тақырыбы

Д дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Оқушыларға Д дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру.
  • Дыбыстың сөз және буын ішіндегі орнын анықтау.
  • Сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасау.
  • Дыбысты қатыстырып сөз бен сөйлем құрастыру.

Дамытушылық

  • Жеке сөздерді және сөйлемдерді дұрыс, мәнерлеп, шапшаң оқуға дағдыландыру.
  • Ойлау, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
  • Көркем жазуға төселдіру.

Тәрбиелік

  • Отанды сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Ел мен жердің ортақ құндылық екенін ұғындыру.

Көрнекіліктер

Әріптер, буындар, суреттер, үлгілер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың дайындығын тексеру, оқу құралдарын түгендеу, сабаққа көңіл күй қалыптастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар:

  • Қандай әріппен, қандай дыбыспен таныстық? (Қ, қ)
  • Ол қандай дыбыс?
  • Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?

Буындардан сөз құрастыру

Қа — нат
лақ — ла
ра — ра — қат

Терме диктант

Өлең ішінен Қ дыбысы бар сөздерді тауып, теріп жазу.

Қамбар қартқа қаладан

Келді Қасым құдасы.

Қонақ бұл көптен күткен,

Түйедей жасты құдасы.

Қазы-қартаны турап,

Алдына қымыз қойылды.

Құдадан бата сұралып,

Қуанышқа қой да сойылды.

Оқу және сергіту

  • Әліппедегі сөздерді оқыту.
  • Сергіту сәті: «Да-да-да, ду-ду-ду».

III. Жаңа сабақ: жұмбақ арқылы таныстыру

Жұмбақ 1

Сол аяқ пен оң аяқ,

Кезек оны тебеді.

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді.

Жауабы: Доп

Жұмбақ 2

Тиіп кетсе жылаған,

Дауысы көпке ұнаған.

Құбылтып неше түрлі күйге салып,

Көңілді баурап алған.

Жауабы: Домбыра

Талқылау: «Доп», «домбыра» сөздерінің басында қандай дыбыс естіледі?

Бұл — Д, д дыбысы. Д — дауыссыз, ұяң дыбыс. Айтылуы: тілдің ұшы жоғарғы күрек тістердің түбіне тиіп, кері қайтуы арқылы жасалады.

Дыбыстық және буындық талдау

  • далада-ла 2 буын, 2 дауысты
  • домбырадом-бы-ра 3 буын, 3 дауысты

Әріп түрлері

Д, д әрпінің баспа және жазба түрлерін таныту, ауада жаздыру.

IV. Оқулықпен жұмыс

Әліппедегі сөздерді таныту, мағынасын түсіндіру және оқыту.

дала доға дода Дулат дауа доғал доп Дарқан

V. «Қайда?» сұрағы қонақта: ойша саяхат

Адам кейде өз затының қайда қалғанын таба алмай қалады. Сондай сәтте біз қандай сұрақ қоямыз? «Қайда?» Бүгін осы сұрақпен бірге Отанымыздың әр өңіріне ойша саяхат жасаймыз.

1) Қала

Қала туралы әңгімелеу. Буынды дұрыс тауып, жоғалған әріпті орнына қою.

«Жоғалған әріпті тап»

та…а
о…ақ
шо…ан
қа…а
қа…ақ
а…ран

2) Дала

Сөздерді тақтаға жазу, дыбыстық және буындық талдау жасау.

қарға қурай арқар орақ

3) Тау

Сөздегі әріп санын цифрмен белгілеу және көпше түрін айту. Көпше түрі қалай жасалатынын түсіндіру.

Шопан□дар
Шора□лар
Айша□лар
Қонақ□тар
Тоған□дар
Торғай□лар

4) Аула

Сурет бойынша сөйлем құрау және сөйлем түрлерін ажырату.

Сұрақтар

  • Марат қайда?
  • Дана қайда?
  • Бұл қандай сөйлемдер?

VI. Буындарды тарату және оқыту

Буындарды дұрыс айту, оқыту және жылдамдату жаттығулары.

да до ду ла на ға ра су ту лу ну ру са та қа шу ша

VII. Д әрпі бар сөздерді табу

Өлең жолдарынан Д әрпі кездесетін сөздерді тауып оқу.

Дана келді Динаға,

Дереу шық деп далаға.

Дүкен жасап ойнаймыз,

Деді анау араға.

Дәптер алды Данияр,

Дәурен келіп дүрбі алды.

Дәулет келіп доп алды,

Дүйсен атқа доға алды.

Дем аламыз түсте деп,

Дана істі доғарды.

VIII. Дәптермен жұмыс

  • Д, д әрпін көркем жазу.
  • Үлгі бойынша буын, сөз жазу және сөйлем құрастыру.

IX–X. Қорытындылау және бағалау

Қорытынды

  • Д дыбысының ерекшелігін қайталау (дауыссыз, ұяң).
  • Сөз ішіндегі орнын анықтау және буынға бөлу дағдыларын бекіту.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырма орындауына қарай бағалау, мадақтау.