Сөзден сөз тер

«Зерде» интеллектуалды ойыны (2-сынып)

Мақсаты

  • Бастауыш сынып оқушыларының білімге қызығушылығын арттыру.
  • Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану мен ойлау қабілетін дамыту.
  • Ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттау.
  • Тез әрі дұрыс шешім қабылдауға баулу.
  • Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастырып, білім жүйесін меңгерту.

Көрнекіліктер

  • Слайд-презентация
  • Дайындалған тапсырмалар, карточкалар
  • Асықтар (тапсырма таңдау үшін)

Қатысушылар мен құрылым

Бағдарламаға 4 оқушыдан құралған екі топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны — 8 оқушы.

Ойын кезеңдер бойынша ұпай жинау арқылы өтеді. Соңғы айналымнан кейін ұпайы көп топ жеңімпаз атанады.

Сабақтың кіріспесі: «Білім деген биік шың, бақытқа сені жетелер. Білім деген ақылшың, қиындықтан өткізер…» — білімді сарапқа салатын сәтті бастайық.

Жүргізушінің сөзі

Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгін 2-сынып оқушыларының білімдерін зерделейтін «Зерде» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер.

Ойын бірнеше кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің қорытындысы бойынша топтар ұпай жинайды. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

«Әрқашан да білім көптік етпеген, талапсыз жан мұратына жетпеген…»

Таныстыру

1-топ: «Тұлпар»

Тұлпар деген атымыз, өжет және батылмыз. Жарысуға бүгін біз қырандармен дайынбыз!

Ұраны:

Тұлпардай біз шабамыз, озып алға шығамыз!

2-топ: «Қырандар»

Біз қыранбыз, қыранбыз, білімге біз құмармыз. Болашағы қазақтың ұлы-қызы боламыз!

Ұраны:

Алға, тек алға! Жеңіске қарай самға!

Әділқазы алқасы

Қазылар әділдікті орнатып, білім мен тапқырлық сайысында ең мықты жауаптарды бағалайды.

  1. 1Құрақбаева Маржан апай
  2. 2Асылбекова Назгүл апай
  3. 3Баймаханова Тынымгүл апай

Ойын кезеңдері

Әр кезеңде жиналған ұпайлар есептеліп отырады. Қорытынды нәтиже соңында жарияланады.

1-айналым — «Білгенге маржан»

Оқу бағдарламасы аясындағы 9 ұяшық бойынша сұрақтар қойылады. Әр ұяшықта 3 сұрақтан беріледі (әдебиеттік оқу, дүниетану, қазақ тілі).

Ұпай

Әр дұрыс жауапқа — 1

1-ұяшық

  • Сұрақ: Абылай ханның шын есімі кім? (Жауап: Әбілмансұр)
  • Сұрақ: Заттың атын білдіретін сөз табы. (Жауап: зат есім)
  • Сұрақ: «Орман емшісі» қандай құс? (Жауап: тоқылдақ)

2-ұяшық

  • Сұрақ: Өмірде болған адамдардың басынан өткен шығарма қалай аталады? (Жауап: аңыз)
  • Сұрақ: Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (Жауап: 2 — жуан, жіңішке)
  • Сұрақ: Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал. (Жауап: тұсбағдар)

3-ұяшық

  • Сұрақ: «Ағынды өзен, асқар тау, қасиетті тіл…» — кімнің өлеңінен? (Жауап: М. Мақатаев)
  • Сұрақ: Түбір сөзге жұрнақ пен жалғаудың қайсысы бұрын жалғанады? (Жауап: жұрнақ)
  • Сұрақ: Судың неше күйі бар? (Жауап: 3 — су, бу, мұз)

4-ұяшық

  • Сұрақ: М. Әуезовтің «Бала Абай» әңгімесінде бата берген кім? (Жауап: Барлас ақын)
  • Сұрақ: Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? (Жауап: не істеді? қайтті?)
  • Сұрақ: Жер бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабат қалай аталады? (Жауап: топырақ)

5-ұяшық

  • Сұрақ: «Әлди, бөпем…» деген сөзі бар жыр қалай аталады? (Жауап: бесік жыры)
  • Сұрақ: Сын есім қай сөз табымен байланысады? (Жауап: зат есім)
  • Сұрақ: Өсімдіктердің топтарын ата. (Жауап: ағаш, бұта, шөп)

6-ұяшық

  • Сұрақ: «Атан түйе шөккен жер» тіркесі кімге қатысты? (Жауап: Райымбек батырға)
  • Сұрақ: Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? (Жауап: неше? қанша? нешінші?)
  • Сұрақ: Ауаның негізгі қасиеттері қандай? (Жауап: көзге көрінбейді, түссіз, дәмсіз)

7-ұяшық

  • Сұрақ: Балаларды оқуға шақырған Ы. Алтынсариннің өлеңі қалай аталады? (Жауап: «Кел, балалар, оқылық»)
  • Сұрақ: Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. (Жауап: етістік)
  • Сұрақ: Тірі табиғатты ата. (Жауап: адам, өсімдік, жануар)

8-ұяшық

  • Сұрақ: Жасында «Қоңыр қозы» атанған жазушы кім? (Жауап: М. Әуезов)
  • Сұрақ: Есту мүшесін ата. (Жауап: құлақ)

9-ұяшық

  • Сұрақ: Жеті атаңды білудің қажеттілігі туралы қай шығармада айтылады? (Жауап: Б. Момышұлы «Ұшқан ұя»)
  • Сұрақ: Адамдар балыққа қарап нені ойлап тапқан? (Жауап: қайық)

Сөз кезегі әділқазыларда: 1-айналымның қорытындысы.

«Қажу бар ма тұлпарға, талу бар ма қыранға? Білім күшті оларда — салсын барын ортаға!»

2-айналым — «Сөз ойла, тез ойла»

Топтарға қазақ әліпбиінен кез келген әріп беріледі. 1 минут ішінде сол әріптен басталатын сөздерді ақ параққа жазады. Адам аттары және жер-су, қала атаулары есепке алынбайды. Қайталанған сөздер саналмайды.

Ұпай

Жеңімпазға — 5

3-айналым — «Ойлан, тап!»

Топтар кезекпен 1 минутқа созылатын математикалық тапсырмаларды орындайды. Мақсат — математикалық жұмбақтарды дұрыс шешу.

Ұпай

Әр дұрыс жауапқа — 5

«Тұлпар» тобына

  • Бір-бірімен жарысқан төрт аю, бір арыстан, екі қой мен бір түлкі. Бәрі нешеу?

    Жауап: сегіз

  • Дүкеннен сабын және қабын алдым. Екі дәптер, бір қарындаш, тіс ысқышты тағы алдым. Сонда бәрі нешеу?

    Жауап: алтау

«Қырандар» тобына

  • Табақта бес өрік, қолымда төрт өрік. Қоссақ барлығы неше өрік?

    Жауап: тоғыз

  • Үш бұтақты ағашта әр бұтақта бес алма. Біреуін Айнашқа берсек, қанша алма қалады?

    Жауап: 14

4-айналым — «Ханталапай»

Ойын шарты — берілген тапсырмаларда тиісті амал таңбаларын дұрыс қою. Тапсырмалар асық арқылы таңдалады.

Ұпай

Әр дұрыс жауапқа — 1

5-айналым — «Сөзден сөз тер»

Топтар ребусты дұрыс шешуі керек. Қай топ бірінші болып дұрыс жауап берсе, сол топ жеңімпаз атанады.

Ұпай

Жеңімпазға — 5

6-айналым — «Ұйқасын тап»

Ойын шарты — өлеңнің ұйқасын табу.

Ұпай

Әр дұрыс жауапқа — 5

Қорытынды және марапаттау

Қазылар алқасының қорытындысы

Барлық кезең аяқталғаннан кейін жалпы ұпай есептеліп, жеңімпаз анықталады. Сөз кезегі — әділқазылар алқасында.

«Білімнің алып тұлпарына қиналмай мініп, білім шыңдарына самғаған оқушылар — бүгінгі сайыстың басты жеңімпазы!»

Марапаттау рәсімі

Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы марапаттау қағазын табыстайды.

  • Топтарға алғыс білдіру
  • Жеңімпазды жариялау
  • Марапаттау қағазын тапсыру