Тіл өнері, өлең - жыр құдіреті

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Ақынның өмірін және өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралап, саралап таныту; ерекшелігіне назар аударту.
  • Оқушылардың мәнерлеп оқу және жаттау дағдысын қалыптастыру.
  • Өлеңді теориялық тұрғыдан талдай білуге үйрету.

2) Дамытушылық

  • Оқушының сөйлеу тілін дамыту; эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны қалыптастыру.
  • Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге баулу.
  • Ойлау қабілетін, тіл мәдениетін дамыту; байланыстырып сөйлеуге, салыстыра талдауға үйрету.

3) Танымдық

  • Өз бетінше ізденуге және ой қорытуға дағдыландыру.
  • Отансүйгіштікке тәрбиелеу; тіл мен сөз өнерін қадірлеуге баулу.
  • Адамгершілік құндылықтарды дамыту.

Көрнекілігі

Ақын өмірінен естеліктер, фотосуреттер, арнайы дайындалған слайдтар.

Әдіс-тәсілдері

Баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, жатқа оқу, өлеңге теориялық талдау жасау.

Сабақтың түрі және байланысы

Түрі: семинар (талдау, зерттеу).
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі (шешендік өнер).

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру және үй тапсырмасын тексеру

  1. 1.Қожа түбінде «адам болатын бала» ма?
  2. 2.Осы әңгімені жазуда жазушының айтқысы келген ойы қандай?
  3. 3.Қожаның бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқауға болады?
  4. 4.Майқанова апайдың сөзі арқылы Қожаның болашағы туралы қандай ой түюге болады?

Жаңа сабаққа кіріспе

Мұқағали Мақатаев өз өлеңінде:

Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

... Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.

Ақын өзін өзгелерден биік қоймағанымен, кейінгі ұрпақ Мұқағалидың арқалы ақын екенін таныды. Оның бағы мен соры, күнгейі мен көлеңкесі қатар өрілді:

Бақыты

  • Өшпес жыр тудырды.
  • Жалған, жасанды өлең жаза алмады.
  • Ойлау мен өрнектеудің классикалық биігіне көтерілді.

Соры

  • Өз қоғамы мен ортасына сыймай, қасірет шекті.
  • Тұрмыс тауқыметін көп көрді, тапқаны отбасын асырауға әрдайым жете бермеді.
  • Замандастары оның бағасын дер кезінде толық бере алмады.

«Қара өлең» ұғымы

Қазақтың қара өлеңі көбіне 11 буынды, а-а-б-а ұйқас үлгісіне құрылады; шумақтағы бірінші, екінші және төртінші жолдар ұйқасып келеді.

«Өлең» сөзі қыпшақ тіліндегі «ұма» сөзінен тарайды деген пікір бар: ол сөздердің өзара ұласуы, үйлесуі, ұйқасуы деген мағынаны білдіреді. Ал «қара» — әлемнің бастапқы қалпы, табиғилықтың таңбасы.

Қара өлең — ауыз әдебиетіне жататын мұра. Оның иесі — халық. Табиғатқа таңдануды, әділетті аңсауды, сұлулыққа сүйсінуді бір-ақ шумақпен бейнелеу — халқымыздың болмысына тән қасиет.

Зерттеу бағыты және талқылау

Бұл сабақ — зерттеу сабағы. Сондықтан бәріміз алдын ала дайындалып келдік. Енді кім не білді — соны ортаға салайық. Тақтадағы сұрақтарға сүйеніп, өз ойымызды айтамыз.

1) Әр өлеңі — бір әлем

Слайдтар арқылы өлеңдердің тақырыптық кеңдігі мен образ жүйесі талданады.

2) Тіл және сөз өнері

Р. Ғамзатов, Ә. Тәжібаев пікірлері мен слайд материалдары негізінде пайым жасалады.

Бұған дейін осыған ұқсас тақырыпта кімдердің шығармаларын оқыдық? Қандай ортақтық, ұқсастық байқадық?

Мысалы: І. Жансүгіров («Анам тілі»), М. Жұмабаев («Қазақ тілі»).

Жатқа оқу және пікір алмасу

Оқушылар өздері жатқа білетін өлеңдерін мәнерлеп оқиды. Тыңдаушылар өлеңнің тақырыбы мен идеясына қатысты қысқа пікір білдіреді.

Семантикалық карта

Мұқағалидың өлеңдері Өлеңнің негізгі тақырыбы Өлең туралы сенің пікірің

Сатылай кешенді талдау (үлгі)

  1. 1.Авторы:
  2. 2.Тақырыбы:
  3. 3.Жанр түрі:
  4. 4.Идеясы:
  5. 5.Шумақ саны:
  6. 6.Тармақ саны:
  7. 7.Бунақ саны:
  8. 8.Ұйқас түрі:
  9. 9.Әдеби-теориялық ұғымдар:
  10. 10.Негізгі түйін, тәрбиелік мәні: