Суреттегі аспаптарды түсіндіру

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қожбанбет би атындағы орта мектеп

Музыка пәні мұғалімі: Абидоллаева Мерует Әшімқызы

Сабақтың тақырыбы

Аңыздан жаралған аспаптар

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың ән әуеніне қызығушылығын арттыру; ұлттық музыканы сүюге, үйренуге, тыңдай білуге баулу; балалардың шығармашылығын дамыту; аспаптардың дамуы мен ерекшелігі туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері

  1. Әнді көтеріңкі, көңілді сипатта орындауға үйрету.
  2. Көркемдік талғамды, шығармашылық ізденіс дағдыларын дамыту.
  3. Халық музыкасымен сусындату және өткен мен бүгінгі халық өмірінің байланысын түсіндіру.

Сабақтың барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сәлемдесу, сыныптың дайындығын тексеру, сабаққа назар аударту.

  2. 2

    Үй тапсырмасын тексеру

    Өткен сабақта үйренген Жаңа жыл әнін хормен орындап, тыңдау арқылы қайталау.

  3. 3

    Жаңа сабақты түсіндіру

    Оқулықпен жұмыс. Суреттер бойынша аспаптарды таныстыру және олардың дыбыс ерекшеліктерін талқылау.

    Жетіген туралы

    Жетіген — ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының шертіп ойнайтын көне музыкалық аспаптарының бірі. Аспаптың бұрауы болмайды: тегіс бетіне жеті ішек тағылып, тиек орнына жеті асық қойылады. Құлақ күйі асықтарды ілгері-кейін жылжыту арқылы келтіріледі. Дыбыс ішектерді саусақпен іліп-қағу арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады, ішектері көбіне ат қылынан тағылады.

    Ұқсас аспаптар

    Орыс халқындағы гусли — көпішекті аспап. Ежелгі грек арфасы мен қазақтың жетігені сияқты, дыбысты ішектер арқылы береді.

    Цимбалы

    Цимбалы — Беларусь елінің көпішекті музыкалық аспабы. Дыбысы ашық, бірақ дыбысталуы қысқа болғандықтан, көбіне шағын, ықшам әуендер орындалады.

    Музыка тыңдау

    • Халық күйі «Алқоңыр» шығармасының жетігенде және домбырада орындалған нұсқаларын тыңдау.
    • Екі нұсқаны салыстыру: дыбыс бояуы, үннің ұзақтығы, тембр, әуеннің өрілу ерекшелігі.
    • Дыбыс ерекшеліктеріне мақсатты түрде назар аудару.

    Дауыс жаттығуы

    Ноталарды ретімен айту: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.

    Музыка әлеміндегі мамандықтар

    Композитор

    Ән, би, марш және басқа да музыкалық шығармаларды жазады.

    Ақын

    Әннің сөзін шығарады.

    Тыңдаушы және орындаушы

    Музыканы тыңдайды және орындайды.

    Ән үйрену

    «Шырша әні» (И. Нүсіпбаев, Т. Молдағалиев).

    Домбыра ойнау

    Үйретілген барлық жаттығуларды біріктіріп, аралас қағыс тәсілімен үзбей орындау.

    Сабақты бекіту: «Кел, ойнайық!» әріп ойыны

    Шарты: әр әріптің астына берілген сандарды ретімен орналастырсаң, шертпелі аспаптың атауы шығады.

    Е
    Е
    І
    Ж
    Н
    Т
    Г
    6
    2
    4
    1
    7
    3
    5

    Жауабы: Жетіген

    Сабақты қорыту

    1. Танысқан аспаптардың бір-бірінен айырмашылықтарын ата.
    2. Күйде қанша аспаптың дыбысы естіледі?
    3. Жетіген аспабының дыбыс биіктігі қалай естіледі?

    Үй тапсырмасы

    «Шырша әнін» жаттау.

    Сабақты бекіту және бағалау: оқушылардың белсенділігі, тыңдау мәдениеті, ән айту және аспапта орындау дағдылары бойынша қорытындылау.