Жаз мезгіліне сурет салу

Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаевтың «Жаз» өлеңі

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау, сөздік жұмысы, сұрақ-жауап, кубизм

Көрнекілік

Абайдың суреті, жаз мезгілінің суреті

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, бейнелеу өнері, музыка

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушылардың Абай туралы түсінігін кеңейту.
  • «Жаз» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
  • Мәнерлеп оқуға үйрету.

Дамытушылық

  • Сөздік қорын және танымдық қызығушылығын дамыту.
  • Шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік

  • Иманды болуға, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

«Шаттық шеңберін» құрып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.

2) Қызығушылықты ояту

1-топ

Күз

2-топ

Қыс

3-топ

Көктем

4-топ

Жаз

Ой қозғау

Әр топтан бір оқушы жыл мезгілдері туралы өз ойын айтып, қысқаша суреттеп береді.

3) Мағынаны тану

Мұғалім түсіндіреді: «Сендер жаз мезгілін осылай суреттедіңдер. Енді Абай атамыз жазды қалай бейнелегенін көрейік. Өлеңді оқымас бұрын, Абай туралы білетінімізді еске түсірейік».

Топтастыру (Абай туралы)

  • Ұлы ақын, лирик ақын.
  • Жазушы, аудармашы.
  • Қоғам қайраткері, философ.
  • Қазақ халқының рухани мұрасының ірі тұлғасы.

Мұғалім түсіндіреді: «Абайды лирик ақын деп атаймыз. Себебі ол табиғаттың әсем сырын, ондағы құбылыстарды және адам өмірімен байланысын жырға қосқан. Абайдың жылдың төрт мезгіліне арналған “Жаз”, “Күз”, “Қыс”, “Жазғытұрым” сияқты өлеңдері бар. Бүгін біз “Жаз” өлеңімен танысамыз».

1-топ

Өлеңді мәнерлеп оқиды.

2-топ

Өлеңді іштей оқиды.

3-топ

Өлеңнің мазмұнын әңгімелейді.

4-топ

Мәнерлеп оқу минуты ұйымдастырады.

4) INSERT стратегиясы және сөздік жұмысы

Өлеңді оқу барысында мағынасы таныс емес сөздердің астын сызып белгілеу.

Сөз Түсіндірме
Күркіреп Өзеннің аққандағы гүрілдеген дыбысы.
Шұрқырап Жылқының кісінеуі, дауыстап үн қатуы.
Шалғын Жайылым, қалың шөп өскен көкорай.
Жоны Арқасы.
Ыңқылдап Тойынғанның, рақаттанғанның белгісін білдіретін дыбыс.

5) Мазмұнын ашу

Талқылау: Абай бұл өлеңінде жаз мезгілінің көркін, табиғаттағы өзгерістерді және адам тіршілігімен байланысын суреттейді.

6) Топтық жұмыс

1-топ

Жаз мезгіліне сурет салады.

2-топ

Берілген ұйқастар арқылы өлең құрастырады.

3-топ

Жаз мезгіліне байланысты мақал-мәтел айтады.

4-топ

«Жаз мезгілі» тақырыбында эссе жазады.

7) Сергіту сәті

«Желсіз түнде жарық ай» әнін орындау.

8) Венн диаграммасы

«Қыс» пен «Жаз» мезгілдерінің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.

Қыс

  • Суық, қарлы, боранды.
  • Күн қысқа, түн ұзақ.

Жаз

  • Ыстық, шөп қалың, табиғат жайқалады.
  • Күн ұзақ, тіршілік қызады.

9) Ой толғау: бес жолды өлең

1) Зат есім

2) Сын есім

3) Етістік

4) Сөз тіркесі

5) Синоним

Бекіту

Тобықтай түйін

  • Абай — ұлы ақын, жазушы, лирик, ойшыл.
  • «Жаз» өлеңін оқып, мазмұны мен идеясын талдадық.
  • Өлеңде табиғаттың сұлулығы, әсем сырлары, құбылыстар және олардың адам өмірімен байланысы бейнеленеді.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, топтық жұмысқа қатысуы және мәнерлеп оқу дағдысы бойынша бағалау.

Үй тапсырмасы

  • Өлеңді жаттау.
  • Абай суреттеген жаз бейнесіне сурет салу.
  • Бейнелеп тұрған сөздерді тауып, дәптерге жазу.