Әдеп терминін алғаш қолданған кім
Сабақтың тақырыбы
Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың типі
Дәстүрден тыс, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, шет тілдері.
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың іскерлік қарым-қатынас барысында сөйлеу мәдениеті туралы білімдерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері
Білімділік
- Іскерлік ортада сөйлеу мәдениетін меңгерту.
- Дауыс ырғағын, сөйлеу екпінін дұрыс қолдануды үйрету.
- Тіл тазалығын сақтауға, сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.
- Аудармашы арқылы сөйлесуде ескерілетін қағидаларды түсіндіру.
Тәрбиелік
- Іскерлік ортада мәдениетті, әдепті, ізетті болуға тәрбиелеу.
- Білімді, жан-жақты тұлға қалыптастыруға ықпал ету.
- Ана тілін құрметтеуге, сүюге баулу.
- Ынтымақ пен бірлік құндылықтарын нығайту.
Дамытушылық
- Сұхбат барысында өз ойын еркін, жүйелі жеткізуге үйрету.
- Тіл байлығын дамыту.
- Білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың әдістері мен ресурстары
Әдістер
Көрнекіліктер
- Интербелсенді тақта
- Электрондық оқулық
- Кестелер
- Қанатты сөздер
- Үлестірмелі қағаздар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін сұрақ-жауап арқылы ой қозғау жүргізіледі.
Сұрақ
Балалар, біздің бүгінгі және ертеңгі мақсатымыз не деп ойлайсыңдар?
Мүмкін жауаптар
- Оқу, білім алу.
- Тәрбиелі, саналы азамат болу.
- Еңбек ету.
- Ел экономикасын дамытуға үлес қосу.
- Мәдениетті көтеру және дамыту.
Сұрақ
Ел экономикасы мен мәдениетін өркендету үшін не істеуіміз керек?
Мүмкін жауап
Басқа мемлекеттермен іскерлік қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасамыз, үйренеміз. Үйренгенімізді іс жүзінде қолданамыз.
II. Үй тапсырмасын талдау
Ой шақыру әдісі арқылы іскерлік қарым-қатынас тиімділігінің негізгі шарттарына қатысты сұрақтарға жауап алынады.
- 1. Іскерлік қарым-қатынас тиімді өтуі үшін нені ескеруіміз керек?
- 2. Әдеп дегеніміз не?
- 3. «Әдеп» терминін алғаш қолданған кім?
- 4. Аристотельдің айтуынша, кішіпейілділіктің неше түрі бар?
- 5. Қытайдың ұлы ойшылы Конфуцийдің көзқарасы қандай болған?
- 6. Күнделікті және іскерлік қарым-қатынаста әдептіліктің басты шарты ретінде нені атаған?
- 7. Қаншалықты дарынды, ақылды, білімді адам болса да, күнделікті өмірде және іскерлік саласында табысқа жете алмауының басты себебі неде деп ойлайсыңдар?
60-жаттығу
«Іскерлік қарым-қатынас тиімділігінің негізгі шарттары» тақырыбы бойынша 4–5 пункттен тұратын өз ойларыңды жазыңдар. Бір-біріңнің жұмыстарын салыстырып, пікірлеріңді дәлелдеңдер.
Салыстыру тапсырмасы
Іскерлік қарым-қатынас пен жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындаңдар. Нәтижесін Венн диаграммасы түрінде көрсетіңдер.