Математика оқу курсының негізгі мақсаты - білім алушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау

Қазақ тілі

2-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінің күнтізбелік-тақырыптық жоспары қазақ тілінде оқытатын сыныптарға бағытталған. Қазақ тілі бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады.

Оқытудың мақсаты

Сөйлеу әрекетінің түрлерін — тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекетінде және күнделікті өмірде қолдануға үйрету.

Әдебиеттік оқу

Әдебиеттік оқу пәнінің мақсаты — бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан алған әсерін өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

Оқу бағдарламасында оқушылардың әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту қарастырылған.

Математика

Математика оқу курсының негізгі мақсаты — оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау.

Курстың бағыты

Бұл пән қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған. Ол оқушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтіп, математика ғылымына қызығушылығын арттыруды көздейді.

Дүниетану

Дүниетану пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам тақырыптарын қамтиды. Атап айтқанда: отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет және қоршаған табиғи орта сияқты оқу нысандары біріктіріледі.

Бұл пән негізгі және жоғары мектептегі қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар цикліне негіз болып, пәндер арасындағы өзара байланыс пен тәуелділік туралы білім жүйесін қалыптастыратын кіріктірілген пропедевтикалық пән болып табылады.

Жаратылыстану

Жаратылыстану пәнінің маңыздылығы — бастауыш жастағы оқушылардың табиғи білімқұмарлығын дамытуымен, әлем туралы ой-өрісін кеңейтумен, ғылымды түсінуге және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауға көмектесуімен айқындалады.

Нәтижесі

Оқушылардың қоршаған ортаны қорғау және оны бағалай білу біліктері қалыптасып, экологиялық жауапкершілігі нығаяды.

Көркем еңбек

Бастауыш сыныптардағы жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі — Бейнелеу өнері мен Еңбекке баулу пәндерін біріктіретін Көркем еңбек кіріктірілген пәнінің енгізілуі.

Бағалау тәртібі

«Көркем еңбек» пәні бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының соңында «Есептелінді / Есептелінген жоқ» түріндегі баға сынып журналына қойылады.

Жүктеп алу