Азат басың болсын құл, Қолдан келмес іске ұмтыл

Қарға мен бүркіт
(И. А. Крыловтан)

Қой жайылып жаздыгүн
Шыққан екен қияға.
Аспаннан бүркіт құйқылжып,
Сорғалап келіп ыраға,
Бір қозы іліп ап кетті
Құздағы қиын ұяға.
Екпіні күшті ер үшін,
Еңбек қылды жем үшін
Ұядағы балаға.
Көрді де мұны бір қарға,
Желікті бір іс бастарға:
"Қозыны да тамақ деп,
Кім ап шықсын тастарға!
Ең семізін ілейін
Қызық қылып ашарға",—
Деді - дағы, аралап,
Жабысты келіп қошқарға.
Қалшылдап, дірілдеп
Тырнағын салады,
Қанатын қайқайтып,
Әкетпек болады.
Бүркіттей емес екені
Кешікпей - ақ білінді.
Жабағыға тырнағы
Шықпастай боп ілінді.
Жалпылдап, салпылдап,
Қойшыларға көрінді.
Әддін білмес шіркінді
Құдай әбден қарғады.
Қойшылар көріп күлісіп,
Ұстап алды қарғаны.
Құрысын да шіркіннің,
Семіз қойды алғаны.
Ұшпасын деп қимаған
Қанат, қүйрық қалмады.
Бір жіпті берік бек байлап,
Аяғына жалғады.
Балаларға ойын боп,
Қор болып сүйтіп қалғаны.
Азат басың болсын құл,
Қолдан келмес іске ұмтыл!



Ұқсас жұмыстар

А. Құнанбаевтың қара сөздері
КРЫЛОВ Иван Андреевич (1769-1844) - орыс жазушысы, драматург, көрнекті мысалшы акын
Абай өлеңдеріндегі нақыл сөздер
Еңбек - байлықтың атасы, жер – оның анасы
Абай Құнанбаевтың қара сөздері
Әдеби тілде ұшырасатын сөздердің мағыналық айырмашылықтары
Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев
Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні
Оқытылатын тіл елінің әдебиетін қазақ/орыс әдебиетімен салыстыру
Еңбек психологиясы
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
ҚҰТЫЛЫҒҰЛЫ КҮЛТЕГІН
ЖАМАҚҰЛЫ БЕЙБАРЫС
БАРАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК
СЕЙІТҚҰЛҰЛЫ ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР
ӘЛІБЕКҰЛЫ ТӨЛЕ БИ
КЕЛДІБЕКҰЛЫ ҚАЗЫБЕК БИ
БАЙБЕКҰЛЫ ӘЙТЕКЕ БИ
Қазақстандағы саяси PR технологияларының сайлау кампанияларындағы қолдану
ШАҚШАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК туралы