Тасымалдау жолын көрсету

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сынып

2-сынып, қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Буын және тасымалды қайталау

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты

  1. 1-сыныпта алған білімді еске түсіру және қайталау: буын, тасымал. Дауысты дыбыстың буын құрайтынын және буынға бөлінген сөздердің бәрі бірдей тасымалдана бермейтінін түсіндіру, білімді тереңдету.
  2. Сөзді дұрыс буынға бөлу және дұрыс тасымалдау дағдыларын дамыту.
  3. Сауатты жазу арқылы ұқыптылыққа және тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар мен әдіс-тәсілдер

Көрнекілігі

  • Сөз және буын карточкалары
  • Заттық суреттер
  • Слайдтар

Әдіс-тәсілдері

  • Еске түсіру
  • Өзіндік жұмыс
  • Қорытындылау және жинақтау
  • Ойын

Сабақтың барысы

I. Қызығушылықты ояту

Сыныпта жағымды көңіл-күй қалыптастырып, балалардың назарын сабаққа аудару.

Арайлап шықты жаңа күн,
Шуағын шашып баршаға.
Қане, досым, күлімде,
Шаттық орнасын жүзіңде.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы сабақтағы тапсырмалар бойынша қысқа сұрақ-жауап жүргізіліп, оқушылардың түсіну деңгейі анықталады.

III. Жаңа сабақ (Мағынаны тану)

Дәптермен жұмыс: көркем жазу және 1-жаттығу

Тапсырма

  • Суретке қарап, оқу құралдарының аттарын атау.
  • Зат атауларын буынға бөліп жазу.
  • Дауысты дыбыстардың астын сызу.
  • Сөзде неше буын, неше дауысты дыбыс бар екенін анықтау.

Үлгі сөздер (буынға бөлу)

кі-тап дәп-тер қа-лам-сап сыз-ғыш ө-шір-гіш қа-рын-даш

Қорытынды: сөздегі буын саны дауысты дыбыстардың санына байланысты.

Буын карточкаларымен жұмыс: тасымал ережесін нақтылау

Оқушыларға сөзді буынға бөлгізу: о-қу-шы-лар-дың5 буын.

5 буынды сөз теория бойынша бірнеше жолмен тасымалдануы мүмкін. Бірақ тасымалдауда маңызды шектеу бар: бір әріптен тұратын буын жеке тасымалданбайды.

Тасымалдау үлгілері

  • Оқу-шылардың
  • Оқушы-лардың
  • Оқушылар-дың (қате: бір әріптен тұратын буын тасымалданбайды)

Сергіту сәті: «Адасқан әріптер» ойыны

Берілген әріптерден Қазақстан қалаларының атауларын құрастырып, оларды буынға бөлу.

Оқулықпен жұмыс: 2-жаттығу

Барлық оқу құралым
Бүтін болсын — ұраным.
Шылдырымен сағаттың
Өзім ерте тұрамын.
(Қ. Мырза Әли)

Шығармашылық тапсырма

1-тапсырма

Буындардан сөз құрау.

2-тапсырма

Екінші қатардағы сөздерден сөйлем құрау.

Қорытынды: буыннан — сөз құралады, сөздерден — сөйлем құралады.

Ой толғаныс: ұйқасын тап

Қайсы күні қандай сабақ,
Қалай менің үлгерімім?
Еш жаңылып қалмай, санап
Жүреді ылғи __________.

Жауабы: күнделігім

Мекендеген портфелімді,
Беттері аппақ, көңілді.
Қызаратын қатем үшін
Кірлетпеймін __________.

Жауабы: дәптерімді

Қатар бойынша тапсырма

  • 1-қатар: «күнделігім» сөзін буынға бөліп жазу.
  • 2-қатар: «дәптерімді» сөзін тасымалдау жолдарын көрсету.

IV. Сабақты қорыту және бағалау

Тест тапсырмалары

  1. Төмендегі сөздердің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?
    A) өз-ен Ә) ө-зен Б) ө-зе-н
  2. Дұрыс тасымал жасалған сөзді табыңдар:
    A) сыз-ғыш Ә) сы-зғыш Б) сызғ-ыш
  3. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?
    A) оқыу Ә) оқу Б) оқұу
  4. «Тәуекел» деген сөзде неше буын бар?
    A) 4 Ә) 3 Б) 2
  5. «Саусақ» деген сөзде неше буын, неше дауысты дыбыс бар?
    A) 3 буын, 3 дауысты дыбыс Ә) 2 буын, 2 дауысты дыбыс Б) 2 буын, 3 дауысты дыбыс
  6. Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап.
    A) та-уық Ә) тау-ық Б) т-ау-ық
  7. Артық сөзді тап.
    A) қайық Ә) дауыл Б) оқушы
  8. Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап.
    A) а-уы-рып Ә) ау-ыр-ып Б) а-уыр-ып
  9. Дұрыс жазылған сөзді тап.
    A) силады Ә) сыйлады Б) сыйылады
  10. Артық сөзді тап.
    A) жаңбыр Ә) жетпей Б) жау

V. Үй тапсырмасы

4-жаттығу.