Қарлығаш тапсырмасы
1–20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
Білім саласы
Таным
Оқу іс-әрекеті
Математика
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, көрсету, санау
Мақсаттары
- Білімділік: 1–20 аралығындағы сандар қатарымен таныстыру; осы қатарға берілген тапсырмаларды орындату.
- Дамытушылық: 1–20 көлемінде реттік санауға үйрету; тура және кері санауды қалыптастыру; 1–20 сандарына қатысты тапсырмаларды пысықтау.
- Тәрбиелік: логикалық-танымдық тапсырмаларды жылдам әрі дәл орындауға дағдыландыру.
Көрнекіліктер
Санау материалдары, суреттер, дидактикалық материалдар және т.б.
Сабақ барысы
Ұйымдастырушылық-оятушылық кезең
БастауБалалардың сабаққа дайындығы тексеріледі. «Шаттық шеңбері» ұйымдастырылады.
Шаттық шеңбері
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан, Математикаға орын берсең басыңнан. Барлық ғылым саған үйір болады, Досың болсын табылатын қасыңнан.
Әңгімелесу сұрақтары
- •Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
- •Қазір жылдың қай мезгілі?
- •Көктем мезгілінде неше ай бар?
- •Әрбір жыл мезгілі неше айдан тұрады?
- •Сонда 1 жылда неше ай бар?
- •Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?
Осы сұрақтар арқылы балалар көктем табиғаты туралы ой бөлісіп, «Математика еліне» саяхатқа шақырылады. Саяхат көктемнің алғашқы жаршысы — Көкектің көңілді сандарымен басталады.
1-тапсырма: «Шашылған сандар»
СанауБіз шашылған сандармыз, Орнымызды табамыз. Көңілді боп жүрейік, Енді санап көрейік.
Тура санау
1-ден 20-ға дейін санау.
Кері санау
20-дан 1-ге дейін санау.
Көкек балалардың жауабын мақұлдайды. Қайталау сұрақтары:
- •1-ден 9-ға дейінгі сандар қалай аталады?
- •10-нан кейінгі сандарды қалай атаймыз?
- •Бір таңбалы сандардың ең үлкені қай сан?
- •Өткен сабақтағы таныс сандарды еске түсірейік: бұл сандар қалай аталады, олардың құрамында қанша бірлік бар?
Қонақ: Көктем ханшайымы
МотивацияБалалар Көктем ханшайымын қарсы алады, амандасады. Ханшайым балаларға сыйлық ұсынып, сабаққа қатысып, білімдерін тамашалайды.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең
Жаңа білімҚыр қызғалдақтары саналады. Бүгін танысатын жаңа сандар: 17 және 18.
Гүл жанындағы көбелектер де саналады. Бұл — екі таңбалы сандар. Құрамындағы бірліктер саны анықталады.
«Қолшатыр» тапсырмасы
Қосу мысалдарын шығару
Оқулықпен жұмыс
Жазу және бояу
- •Қалдырылған сандарды жазу.
- •Берілген тапсырмаларды сары түске бояу.
Сергіту сәті
Тура және кері санау
Сандарды жаттаймын, алақай! Санаудың да келді кезегі. 1, 2, 3, балақай, Қайталаймыз асықпай. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 1-ден 10-ға дейін санауды білемін. Енді керісінше әндетем, Балалар, қосылыңдар: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2 және 1 1, 2, 3, 4, 5 — тамаша, 6, 7, 8, 9, 10 — ла-ла. Мен ақылдымын бәрінен, Сен де санауды үйрен! 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1
Практикалық тапсырмалар
Бекіту№2-тапсырма
Қарындаштарды санау.
№3-тапсырма
Қоршаудың жартысын тауып, жапсыру.
№4-тапсырма
15 және 16 сандарын берілген жолға жазу.
Қосымша тапсырма
Пішіндерден құралған кескіндерді қайталап салу.
«Қарлығаш» тапсырмасы: Ойлан, тап
Ауызша есеп
«Көбелек» тапсырмасы: Кім тапқыр?
Логикалық есептер
Үйге келді Мадияр, оған қоса Алдияр. Кейін келді Айдана. Барлығы қанша бала болды?
Жауабы: 3
Бес алманың екеуін досың сұрап алады. Айтшы, сонда өз қолыңда неше алма қалады?
Жауабы: 3
Бір-бірімен жарысқан: төрт аю, бір арыстан, екі қоян, бір түлкі. Бәрі нешеу?
Жауабы: 8
Сегіз асықтың үшеуін досың сұрап алады. Айтшы, сонда өз қолыңда неше асық қалады?
Жауабы: 5
Қорытынды
АяқтауСабақ соңында балалар көктем мезгілімен қоштасып, Көктем ханшайымын шығарып салады.