Көп мағыналы сөздердің анықтамасын айт

Сабақ туралы

Тақырып

Омонимдер

Түрі

Дәстүрден тыс

Әдісі

Сайыс, сұрақ-жауап, интерактивті жұмыс

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Көрнекіліктер

  • Слайдтар
  • Үлестірмелі қима қағаздар
  • Оқулық
  • Тақта, бор

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Мысалдар арқылы талдатып, белгілеріне қарай топтастыру; омонимдердің анықтамасын оқушылардың өздеріне қорытындылап шығарту.

Тәрбиелік

Қазақтың сөз өнерін меңгертуге, сауатты сөйлеуге, тазалық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Бірлесіп жұмыс істеу дағдысын дамыту; өз пікірін еркін жеткізуге дағдыландыру; шығармашылыққа баулу және логикалық ойлауын жетілдіру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, түгелдеу.
  • Сабаққа назар аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру

I қатар

57-жаттығу

II қатар

60-жаттығу

III қатар

61-жаттығу

57-жаттығу: көп мағыналы сөздерге мысалдар

Кең

  • кең бөлме
  • кең көңіл
  • кең көйлек

Көз

  • иненің көзі
  • адамның көзі
  • білімнің көзі

Бас

  • басына тиді
  • таудың басы
  • әңгіменің басы

Тас

  • тас бауыр
  • тас жүрек
  • тас шөгінді

Жас

  • жас бала
  • жас жүрек
  • жас шыбық

60-жаттығу: шағын мәтін құрау

«Салмақты», «әрекет», «қарулы» сөздерінің бірін таңдап, сол сөзге қатысты шағын мәтін құрау. Мәтінде көп мағыналы сөздер қолданылуы тиіс.

Мәтін: «Салмақты мінез»

Менің атам — өте салмақты адам. Жер қозғалса да қозғалмайтын мінезі ауылдастары арасында аңызға айналған. Көл бетінде жүзген аққуларды көргенде ғана оның жүзінен ерекше бір тебіреніс байқалды. Атам қатты қуанғандай болды.

61-жаттығу: тура және ауыспалы мағына

Төмендегі сөздерді пайдаланып, тура және ауыспалы мағынада бірнеше сөйлем құрастыру: жел, суық, жылы, өткір, кілт.

1) Суық

  • Тура: Суық күндер алыс емес.
  • Ауыспалы: Суық сөз бойыңды жазғызбайды.

2) Өткір

  • Тура: Қолындағы өткір пышақпен алманың қабығын тез-тез аршыды.
  • Ауыспалы: Өткір жігіт ешкімнен қаймықпайды.

3) Жылы

  • Тура: Жылы жел соғып тұр.
  • Ауыспалы: Жолдасы оған жылы сөздер айтты.

4) Кілт

  • Тура: Кілтсіз құлыпты ашуға болмайды.
  • Ауыспалы: Білімнің кілті — кітапта.

III. Бекіту сұрақтары

1) Лексика дегеніміз не?

Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.

2) Сөз мағынасы деген не?

Белгілі бір ұғымға берілген атау.

3) Мағынасы толық емес сөздер деген не?

Жеке тұрғанда мағынасы толық ашылмайтын, басқа сөзбен тіркескенде ғана толық мағына беретін сөздер.

4) Сөздердің тура мағынасы дегеніміз не?

Сөздің негізгі, бастапқы мағынасы.

5) Сөздердің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?

Сөздің келтірінді, балама мағынасы.

6) Көп мағыналы сөздерге анықтама бер.

Сөздің бірнеше мағынаға ие болуы.

IV. Жаңа сабақ: омонимдер

Берілетін сөздер: қара, бас, шаш, жүз, жас. Сөз тіркестерін құрастыру арқылы бір сөзге әртүрлі мағына беруге болады.

Қара

  • Етістік: Маған қара.
  • Зат есім: Қара қалам.

Бас

  • Етістік: Аяғыңды бас.
  • Зат есім: Адамның басы.

Шаш

  • Зат есім: Ағарған шаш.
  • Етістік: Су шашу.

Жүз

  • Етістік: Суда жүз.
  • Зат есім: Сұлу жүз.
  • Сан есім: Жүз ән.

Жас

  • Зат есім: Көзден аққан жас.
  • Сын/заттық мән: Даниярдан гөрі жас.

Қорытынды анықтама

Дыбысталуы (жазылуы) бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздер тобы омонимдер деп аталады.

Омонимдердің көпшілігі сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Осыған байланысты омонимдер туынды омонимдер және түбір омонимдер болып бөлінеді.

Мысалдар

  • Айтыс

    Сөзбен талас, пікірталас түрі.

  • Арық

    Су жүретін арна; жүдеу.

  • Атыс

    Соғыс, қырқысу.