Сөйлейтін қабырға пиктограммалар

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды диаграмма ұғымымен таныстыру, мәлімет жинау дағдысын қалыптастыру және деректерді диаграмма көмегімен дәлелдеуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

Тақырыпты түсініп тыңдайды, сұрақтар арқылы талқылайды және алған білімін тәжірибеде қолданады.

Жетістік критерийлері

  • Мәліметтерді жинақтап, диаграмма құра алады.
  • Диаграмма арқылы мәліметті салыстырып, дәлелдей алады.

Сабақтың басы: ынтымақтастық атмосферасы

Шаттық шеңбері

«Дос болайық бәріміз» — бәрі қол ұстасады.

«Атсын күліп таңымыз» — қолдарымен күн бейнесін жасайды.

«Тыныштықты сақтаймыз, сабағымызды бастаймыз» — бір-біріне алақандарын қосады.

Топқа бөлу

Оқушылар гүлдерді таңдап, шаршылардың түсіне қарай 5 топқа бөлінеді:

  • I топ Жасыл
  • II топ Қызыл
  • III топ Сары
  • IV топ Көк
  • V топ Қоңыр

Сабақтың ортасы: қызығушылықты ояту және зерттеу

«Сөйлейтін қабырға»: пиктограммаларды табу

Әр топ «сөйлейтін қабырғадағы» пиктограммаларды табады (мысалы: жемістер, көкөністер, сүт өнімдері).

Салыстыру және өрнек құру

«Пиктограмма» сөзіндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтап, олардың санын тіктөртбұрыш және шаршы пішіндері арқылы көрсетеді.

Мағынаны тану (мұғалімнің қолдауы)

«Балалардың сүйікті ісі» тақырыбындағы диаграмма бойынша сұрақтарға жауап береді, деректерді оқиды және қорытынды жасайды.

Топтық жұмыс: «Неше жастасың?»

Оқушылар бір-бірінің жасын сұрап, мәлімет жинайды. Жиналған деректер бойынша диаграмма құрастырады.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды соғамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Билеп, билеп аламыз.

Сабақтың аяқталуы: бекіту және бағалау

Қызықты тапсырма: «Шығарып көр»

«Спорттық жетістіктер» тақырыбы бойынша диаграмма құрады. Диаграммаға сүйеніп тапсырма ойластырады, салыстырады және дәлелдейді.

«Кубизм» стратегиясы

Текшенің түсіне сәйкес әр топқа сұрақ беріледі. Топтар кезекпен жауап береді және өз дәлелдерін ұсынады.

Қалыптастырушы бағалау (ҚБ): дескрипторлар

  • Мәлімет жинақтап, диаграмма құрады.
  • Диаграмма көмегімен мәліметті жинайды және түсіндіреді (мысалы: «Гүлзардағы гүлдер»).
  • Қысқа қорытынды жасайды.
  • Қатені тауып, түзетеді.
  • Диаграмманы бояп, көркемдеп ұсынады.

Автор туралы

Өңір: Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті

Мектеп: №39 гимназия

Мұғалім: Зекешова Кабира Кайнешовна