Сөз таптары туралы түсінік беру

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Сөз таптары туралы түсінік қалыптастыру; сөздерді талдай білуге, бір-бірінен ажыратуға және сұрақ қоя білуге үйрету.

Дамытушылық

Топтық жұмыс арқылы пікір алмасуға, бірлесіп талқылауға және ортақ шешімге келуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Сөздік қорды байыту, сауатты жазуға баулу, тіл мәдениетін дамыту.

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындау, сыныптың назарын шоғырландыру, топтық жұмыс ережесін қысқаша еске түсіру.

ІІ. Қызығушылықты ояту

Ой қозғау

Түбір, жұрнақ, жалғау белгілерін көрсету арқылы: «Бұлар туралы не білеміз?» деген сұрақ қойылады. Мысалдар арқылы өткен тақырып еске түсіріледі: оқу-шы-лар, күй-ші-лер, т.б.

Түбір сөз

Сөздің өзгермейтін бөлігі.

Жұрнақ

Сөз мағынасын өзгертеді.

Жалғау

Сөз бен сөзді байланыстырады.

ІІІ. Топқа бөлу

І топ

Зат есім

ІІ топ

Сан есім

ІІІ топ

Сын есім

ІV топ

Етістік

Талқылау сұрақтары (топтастыру стратегиясы)

  1. Бұлар қалай аталады?
  2. Осы сөз таптары туралы не білеміз?
  3. Әр топ өз сөз табы бойынша ойларын қорғайды.

ІV. Мағынаны тану

Қазақ тілінде 9 сөз табы бар. Тақтаға сөйлемдер жазылған плакат ілінеді. Әр сөйлемді талдау арқылы алғашқы төрт топтан бөлек қалған 5 сөз табына түсінік беріледі.

1) Есімдік

Мысал: Асқар үшінші сыныпта оқиды. Ол — озат оқушы.
Түсінік: Есімдік — есім сөздердің орнына қолданылады.

2) Еліктеу сөз

Мысал: Қарға қарқ етті, ірімшік жерге тарс етті.
Түсінік: Еліктеу сөздер — айналадағы әртүрлі дыбысқа, қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді.

3) Одағай

Мысал: Әй! Әкем келді!
Түсінік: Одағай — адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді.

4) Шылау

Мысал: Көкем мен апам қонаққа келді.
Түсінік: Шылау — сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.

5) Үстеу

Мысал: Қарлығаштар лезде-ақ ұшты.
Түсінік: Үстеу — қимылдың, іс-әрекеттің әртүрлі белгісін, тәсілін білдіреді.

V. Оқулықпен жұмыс

279-жаттығу

Сөздерді әр сөз табының тұсына топтап жазу.

І топ

«Түлкі» сөзін үш тілде айту:
түлкі — лиса — fox

ІІ топ

Сурет бойынша әңгіме құрау.

ІІІ топ

«Ұзын» сөзін үш тілде айту:
ұзын — длинный — long

ІV топ

«Пісірді» сөзін үш тілде айту:
пісірді — приготовил — cooked

Қосымша тапсырма

Берілген зат есімдерге сын есімдерді тіркестіріп жазу.

VІ. Ой толғау

Сөз тіркестерімен жұмыс

Ала доп, биік ағаш, қоңыр аю, кішкентай күшік, сопақ қауын, қызық кітап, қалың тон, әдемі гүл, мейірімді ана, ала қарбыз, жылы етік, қу түлкі.

Әр топқа осыған ұқсас тапсырмалар беріледі: ортадағы суретке сәйкес 5 жол өлең құрастыру.

«Бес жол өлең» стратегиясы

І топ: Оқушы

ученик — pupil

ІІ топ: Кітап

книга — book

ІІІ топ: Ана

мама — mother

ІV топ: Ұстаз

учитель — teacher

VІІ. Шығармашылық жұмыс

Жұмбақтағы жетіспейтін сөзді тауып, сол сөзге байланысты мақал-мәтел құрастыру. Сонымен қатар жұмбақтардың шешуін үш тілде айту.

І топ

Зу етіп жоқ болған,
Соңында қалған.

Мақал үлгісі: Отан — оттан да ыстық.

ІІ топ

Кезікті бір жануар,
Үстінде екі бар.

Мақал үлгісі: Жер таусыз болмас, ел хансыз болмас.

ІІІ топ

Іші — жұмсақ, сырты — қатты,
Еті — қызыл, сүті —

Мақал үлгісі: Еңбектің наны — тәтті, жалқаудың жаны — тәтті.

ІV топ

Затыңды аман сақтайды,
Кіруге батпайды.

Мақал үлгісі: Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.

Шешуін үш тілде айту

  • Зымыран — ракета — rocket
  • Түйе — верблюд — camel
  • Қарбыз — арбуз — watermelon
  • Сандық — сундук — chest

VІІІ. Терме жұмыс

282-жаттығу (ауызша)

Сөз таптарын табу, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау. Венн диаграммасы бойынша салыстыру.

ІХ–ХІ. Қорыту, үй тапсырмасы, бағалау

Қорыту

«Бүгінгі сабақта не білдік?» сұрағы бойынша топтастыру жасалады.

Сөз таптары (9)

Зат есім Сан есім Сын есім Етістік Үстеу Одағай Еліктеу сөз Есімдік Шылау

Үй тапсырмасы

Мұғалімнің нұсқауы бойынша тапсырманы орындау (оқулықтағы тақырыпты қайталау және жаттығуларды бекіту).

Бағалау

Топтық жұмысқа қатысуы, жауаптарының дәлдігі, тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.