Жеңіп шыққан екі оқушы сайыскерге қойылатын сұрақтар
Ұйымдастыру туралы мәлімет
Өтетін орны
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, «Майдантал» жалпы орта мектеп КММ
Жауапты мұғалім
Тарих пәні мұғалімі — Қамбарұлы Дархан
Бағдарлама
«Тарих қадамдары» (9-сыныптар)
Өткізілу формасы
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық бағдарламасы негізінде
Мақсаты
Білімділік
Интеллектуалдық сайысқа қатысатын оқушылардың тарихи білімін жүйелеу және тереңдету.
Дамытушылық
Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндеріне қызығушылықты арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік пен зияткерлік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Танымдық бағдарламалар үлгісінде оқушыларды қоғамдық жаңалықтар мен өзгерістерден тыс қалмауға баулу.
Көрнекілік
- Білім туралы даналық сөздер жазылған плакаттар
- Шарлармен безендіру
Ашылу сәті
Жүргізуші: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз өмір бойы жететін білім моделінен өмір бойы білім алу моделіне көше алуымыз керек» — деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған.
Ендеше, құрметті жас достар! Білім мен ғылым бәсекесі күшейген ХХІ ғасырда тәуелсіз еліміздің болашақ көшбасшылары — білім додасына қош келдіңіздер!
Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Егемендігіміздің 22 жыл толуына орай ұйымдастырылған мектепішілік «Тарих қадамдары» атты тарихи-танымдық сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Қатысушылар
«Тарих қадамдары» ойынына қатысатын оқушылар ортаға шақырылады.
- №1
- №2
- №3
- №4
- №5
- №6
Әділқазылар алқасы
Әділқазылар алқасымен таныстыру:
- 1.
- 2.
- 3.
Сайыстың өту барысы
-
1
Бәйге
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Әр сұрақ — 10 ұпай.
-
2
Тіл — өнер
Оқушылар сұрақтарға жауап береді және жауапты орыс тіліне, сондай-ақ шет тіліне аударады.
-
3
Қасиетті жетілік
Киелі жеті және үш санына байланысты сұрақтар қойылады.
-
4
Көкпар
«Жұмбақ сандардың» астындағы сұрақтарға жауап береді.
-
5
Жорға
Соңғы кезең: жеңіп шыққан екі сайыскерге жылдам сұрақтар қойылады.
Ендеше, құрметті сайыскерлер, ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің «Бір Аллаға сиынып, кел, балалар, оқылық!» дегеніндей, бір Аллаға сиынып, кел, жас достар — сайысымызды бастайық.
І кезең: «Бәйге»
Бұл кезеңде әр сайыскерге 5 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап — 10 ұпай.
1-сайыскерге сұрақтар
- Қазақ хандығының 1456 жылы негізін салған хан? Жауабы: Керей хан.
- Абайдың шын есімі? Жауабы: Ибраһим.
- Мемлекет дегеніміз не?
- ҚР жер көлемі қанша?
- Қазақстан қай жылы тәуелсіздігін алды?
2-сайыскерге сұрақтар
- Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім? Жауабы: Жәңгір Бөкейұлы (1801–1845).
- «Құтты білік» дастанын 30 жыл дайындап, бір жарым жылда жазған ғалым? Жауабы: Ж. Баласағұн.
- Қоғам дегеніміз не?
- Тәуелсіз Қазақстанды ең алғаш таныған мемлекет?
- ҚР шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым? Жауабы: 3000.
3-сайыскерге сұрақтар
- ҚР-да «Халық қаһарманы» және «Ғасыр адамы» атағын иеленген қайраткер? Жауабы: Т. Әубәкіров.
- Адамға анықтама беріңіз.
- Қазақстанда қанша облыс бар?
- Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
- Қ. Рысқұлбековке қай жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді? Жауабы: 1996.
4-сайыскерге сұрақтар
- Қазақтан тұңғыш дүниежүзі чемпионы атағын алған палуан кім?
- 1912 жылы қазақ әліппесін жасап, алғашқы оқу құралын жазған кім?
- ҚР қандай мемлекеттермен шектеседі?
- Құқық дегеніміз не?
- Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қай жылы қабылданды?
5-сайыскерге сұрақтар
- ҚР Конституциясына сәйкес басқарудың қандай формасы бекітілген?
- Тұлға дегеніміз не?
- Мемлекеттік тудың авторы кім?
- Қазақстан оңтүстігінде қандай елдермен шектеседі?
- Қазақстан БҰҰ-ға қай жылы мүше болды?
6-сайыскерге сұрақтар
- Қасым ханның «қасқа жолы» қанша бөлімнен тұрады?
- «Жеті жарғы» дегеніміз не?
- Мемлекеттік биліктің бастауы?
- Мемлекет типі жағынан нешеге бөлінеді?
- Қоғамдық қатынастар дегеніміз не?
Әділқазылар алқасы ұпай нәтижесін жариялайды.
ІІ кезең: «Тіл — өнер»
Бұл кезеңде тарихи терминологияға қатысты сұрақтар қойылады. Жауапты бірінші болып тапқан сайыскер сөздің орысша және шет тіліне аудармасын айтады.
Ұпай
Дұрыс жауап: 10 ұпай
Ұпай
Орысша аударма: 20 ұпай
Ұпай
Шет тіліне аударма: 30 ұпай
Терминдер мен анықтамалар
- Екі немесе одан да көп мемлекеттің әскери күштері (немесе бір мемлекеттің ұйымдасқан қарулы топтары) арасындағы ұзаққа созылған ұрыс қалай аталады? Жауабы: соғыс — война.
- Тұрақты халқы, нақты аумағы, басқару тетігі айқын және өзге елдермен қатынас жасай алатын, заңды түрде құрылған адамдар бірлестігі қалай аталады? Жауабы: мемлекет — государство.
- Қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі ұстанымдар мен нормаларды бекітетін нормативтік-құқықтық акт қалай аталады? Жауабы: заң — закон.
- ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде КСРО, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания және Францияның бастамасымен бейбітшілікті қолдау және нығайту мақсатында құрылған халықаралық ұйым қалай аталады? Жауабы: БҰҰ — Организация Объединенных Наций.
- Терісінің түсіне, бет әлпетіне, шаш құрылымына, тіліне және ұлттық ерекшеліктеріне қарай адамдар тобын кемсіту қалай аталады? Жауабы: нәсілшілдік — расизм.
- Саяси қарсыластарға қарсы қолданылатын саяси бақылау, қадағалау және заңсыз түртпектеу саясаты қалай аталады? Жауабы: қуғын-сүргін — репрессия.