Өте жақсы, балалар бауырсақты қасқырдан құтқарып алдық
Сабақ туралы мәлімет
- Мұғалім
- Әлиева Гүлсім Кеңесқызы, бастауыш сынып мұғалімі
- Білім беру ұйымы
- Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектеп
- Сабақтың тақырыбы
- «Не деу керек?» (Буын) — 58–59-жаттығулар
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді меңгерту
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Сабақтың мақсаты
-
Білімдік: өлеңді түсініп оқуға үйрету, буын туралы түсінікті қалыптастыру.
-
Дамытушылық: оқу және сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісті дамыту, сөздік қорды молайту.
-
Тәрбиелік: көркем әрі ұқыпты жазуға баулу, әдептілік пен сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы: ертегі арқылы оқыту
Сабақ «Бауырсақ» ертегісі желісімен ұйымдастырылады. Әр кейіпкер оқушыға тапсырма береді, ал тапсырманы дұрыс орындау — бауырсақты құтқарудың шарты.
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді:
- Алғырлар
- Білімділер
- Зеректер
2) Үй тапсырмасын тексеру
- Өлеңді жатқа айту.
-
Сұрақ: «Сәлемдесуге байланысты қандай сөздерді білесіңдер?»
1-топ
Мұғаліммен сәлемдесу
2-топ
Үлкен атамен сәлемдесу
3-топ
Доспен сәлемдесу
3) Жаңа сабаққа кіріспе: «Ертегілер еліне саяхат»
Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме? Ендеше бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз». Оқушылар «Бауырсақ» ертегісін еске түсіреді: бауырсақ домалап қашып, жолай аңдарға кездеседі.
Қоянның тапсырмасы: «Буын»
Төмендегі сөздер арқылы тақырып ашылады:
Бақа · Уық · Ыдыс · Нан
Осы сөздерден «БУЫН» ұғымы бекітіледі.
Ереже
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
- От — 1 буын
- а-та — 2 буын
- ме-ре-ке — 3 буын
- ба-уыр-сақ — 3 буын
Музыкалық сергіту
«Сұр қоян» әні орындалады.
Қасқырдың тапсырмасы: 58-жаттығу
Сөздерді буынға бөліп оқыңдар. Әр топтан оқушылар шығып, сөздерді буынға бөліп дауыстап оқиды.
Сөздер
Апа, әже, ата, көке, шеше, нағашы, жиен
Қосымша тапсырма: әр сөздегі дауысты дыбыстарды атаңдар.
Аюдың тапсырмасы: 59-жаттығу
Мақал-мәтелдерді оқыңдар. Әр мәтіндегі дауысты дыбыстар санын анықтап, буын санымен сәйкестендіріңдер.
Сергіту сәті
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
Түлкінің тапсырмасы: «Не деу керек?»
Автормен таныстыру
Өлеңнің авторы — Ә. Дүйсенбиев. Оқушыларға автор туралы қысқаша мәлімет беріледі.
Оқылым және талқылау
- Өлеңді мәнерлеп оқыту.
- Өлеңдегі сұрақтарға жауап беру.
- Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру.
Сыпайы сөздер мен үлгі жауаптар
Рахмет
алғыс айту
Кешіріңіз
әдеппен кешірім сұрау
Рұқсат па?
сыпайы түрде сұрау
Енді қайталамаймын
уәде беру
Қорытынды бөлім
Сабақ соңында «сыпайы сөздердің» маңызы қорытындыланады. Оқушыларға күнделікті қарым-қатынаста мәдениетті сөйлеу — құрметтің белгісі екені түсіндіріледі.
Қонаққа келген аңдарға сыйлық
Қоянға
сәбіз
Қасқырға
ет
Аюға
бал
Түлкіге
ірімшік
Үй тапсырмасы
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Мақалды жаттау.
- 54-жаттығу.