Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Қарлығаш тобыБілім беру саласы

Қарлығаш тобы Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Жапсыру

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы: «Ою ойғанның ойы ұшқыр»

Мақсаты

Балалардың ұлттық ою-өрнек туралы білімдерін тереңдету, халықтың тұрмыс-салт дәстүріне қызығушылығын ояту. Қабаттап бүктелген қағаздан ою-өрнек қию арқылы бейнелеу өнерінің жаңа тәсілдерімен таныстыру.

Нәтиже

Ою-өрнектің тұрмыста кездесетін түрлерін атап, олардың мәнін түсіндіре алады.

Дағды

Қағазды қабаттап бүктеп, үлгі бойынша қауіпсіз қиып, жапсыруды меңгереді.

Құндылық

Ұлттық мәдениетке құрмет, бірлік пен ынтымаққа тәрбиелеу.

I кезең. Дәлелдеу – ояту

Шаттық шеңбер

Бір шаңырақ астында,
Тату, тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.

Армысыздар, қонақтар!
Қош келдіңіздер, апайлар.
Алдарыңызда балақай —
Көрсетерміз сабақ-ай!

Әңгіме сұрақтары

  • Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?

II кезең. Іздену, ұйымдастыру

Сұрақ-жауап арқылы бағыттау

  • Біз қай ұлттың баласымыз?
  • Біздің қандай рәміздеріміз, тіліміз, салт-дәстүріміз бар?
  • Мына жерден нелерді көріп тұрмыз?
  • Бұл бұйымдардың барлығы немен әшекейленген?

Негізгі түсінік: ою-өрнек

Ою-өрнек — күнделікті тұрмыста қолданылатын көптеген заттарда кездесетін ұлттық көркем өрнек. Ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, әр дәуірдің талғамы мен мәнін сақтап келеді.

Кең тараған түрлері

Қошқар мүйіз Итқұйрық Гүл Балта Жұлдыз Шеңбер Ирек Ағаш

Қайда кездеседі?

  • Үй жиһаздары мен тұрмыстық бұйымдарда
  • Ұлттық киімдерде
  • Зергерлік бұйымдарда
  • Ыдыс-аяқта

Мағыналық астары

  • Қошқар мүйіз — молшылықтың нышаны
  • Ағаш — ынтымақ пен бірлікті білдіреді
  • Ирек — өмір жолы, су белгісі
  • Шеңбер — жарық, баянды өмірді меңзейді

Енді ою-өрнек туралы білетін тақпақтарыңыздан үзінді немесе мақал-мәтелдер айтып көрейік.

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс арқылы бой сергітіп, назарымызды қайта жинақтаймыз.

Практикалық жұмыс: қауіпсіздік және топтық тапсырмалар

Қауіпсіздік ережелері

  • Қайшыны дұрыс ұстап, абайлап қолдану.
  • Желімді мөлшермен пайдаланып, жұмыс орнын таза ұстау.
  • Бір-бірімізге кедергі жасамай, ұқыпты жұмыс істеу.

Топтарға бөлу және тапсырмалар

Балалар төрт топқа бөлінеді. Әр топ өз бұйымын ұлттық ою-өрнекпен әшекейлейді. Тәрбиеші жұмыс барысында жеке көмек көрсетеді.

1-топ

Алдарындағы үлгі бойынша оюды қиып, киіз үйге желімнің көмегімен жапсырады.

2-топ

Сандықты ұлттық ою-өрнекпен әшекейлеп безендіреді.

3-топ

Көкірекшені ұлттық ою-өрнекпен сәндейді.

4-топ

Сәукелені ұлттық ою-өрнекпен әшекейлеп безендіреді.