Қимыл - қозғалыс ойыны
Оқу қызметі туралы қысқаша мәлімет
- Білім беру саласы
- Денсаулық
- Ұйымдастырылған оқу қызметі
- Дене тәрбиесі
- Тақырыбы
- Алға қарай бір аяқпен секіру және аяқ ауыстыра отырып, кері бағытта кругтан кругқа секіру
Мақсаты
Балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру, бір аяқпен секіруді және кругтан кругқа секіруді меңгерту.
Дамытушылығы
Ой-өрісін дамыту, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мәні
Ұқыптылыққа, тәртіпті сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Жалпы дамыту жаттығулары
- Ойын шарттарын түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Қорытындылау
Қажетті құрал-жабдықтар
Сабақ барысы
1) Мотивациялық-қозғаушы кезең
Нұсқаушы балаларды сапқа тұрғызады, амандасады және қауіпсіздік пен тәртіп талаптарын еске салады.
Нұсқаулар
- Тік тұрыңдар, түзеліңдер!
- Оңға бұрылып, саппен жүріңдер!
- Нұсқаулықты орындаңдар!
Жүру түрлері
- Аяқ ұшымен жүру (қол белде)
- Өкшемен жүру (қол желкеде)
Барлығы нұсқау бойынша рет-ретімен орындатылады.
2) Іздену-ұйымдастырушылық кезең
Сылдырмақтың көмегімен балалар екі қатарға бөлініп тұрады. Одан кейін жалпы дамыту жаттығулары орындалады.
Жалпы дамыту жаттығулары
-
Бастапқы қалып:
Аяқ арасы иық деңгейінде.
Қолды кезекпен алға, жанына, жоғарыға созу; қос қолмен шапалақтау. (6 рет)
-
Бастапқы қалып:
Аяқ сол күйде, қол белде.
Белді алға және артқа қозғау.
-
Бастапқы қалып:
Аяқ арасы сәл алшақ, қол алға созулы.
Отырып-тұру қимылын орындау.
3) Негізгі оқу қызметі
Нұсқаушы алдымен балаларды саппен жүргізеді. Содан соң бір аяқпен секіруді және кругтан кругқа секіруді қадамдап түсіндіріп, қауіпсіз орындау ережелерін көрсетеді.
Назар аударатын тұстар
- Денені тік ұстау, тепе-теңдікті сақтау
- Қонғанда тізені сәл бүгу
- Кругтардың арақашықтығын сақтау
Жаттығудың мазмұны
- Алға қарай бір аяқпен секіру
- Аяқты ауыстыра отырып, кері бағытта кругтан кругқа секіру
Түсіндіруден кейін балалар жаттығуды кезекпен орындап, нұсқаушы қимыл техникасын түзетіп отырады.
4) Рефлексиялық-коррекциялық кезең
Қимыл-қозғалыс ойыны
«Кім епті?»
Ойынның шарты
Балалар екі қатарға тұрады. Межеге екі түсті кегли қойылады. Балалар үрілген доппен секіре отырып жарысады.
Мақсаты
Ептілікті, жылдамдықты және дәлдікті дамыту, командалық тәртіпті сақтау.
Сабақты аяқтау
- Тыныс алу жаттығуларын орындату
- Оқу қызметі бойынша қысқа сұрақтар қою
- Балалардың іс-қимылын бақылап, мадақтау
Сау болыңыздар!
Автор туралы
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы.
А. Ермекбаева