Бірінші сабақ қай сабақ

Қайсенова Гүлмира Едіресқызы

Сабақ тақырыбы

Апта күндері

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Көрнекіліктер

  • Оқулық
  • Суреттер
  • Интерактивті тақта
  • Сөздіктер

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап Әңгімелеу Аударма

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Апта ұғымын терең меңгерту, тақырып бойынша қысқа әңгіме құрастырып айтуға машықтандыру, білімді жүйелеу және ауызекі сөйлеу дағдыларын арттыру.

Дамытушылық

Ой-өрісті кеңейту арқылы қисынды ойлау мен есте сақтауды дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сауатты жазуға бағыттап, дағдыны қалыптастыру.

Тәрбиелік

Уақытты тиімді жоспарлап, оны орнымен пайдалануға және пайдалы іске жұмсауға баулу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
  • Сабақты мұқият тыңдауға шақыру.
  • Дәптерге күн ретін жаздыру.
  • Белсенді қатысу және тәртіп сақтауды ескерту.

2) Жаңа сабақ: мұғалімнің кіріспе сөзі

Балалар, бүгінгі күнге қараңдаршы: аспан ашық, күн жылы, көңіл күйіміз көтеріңкі. Сендерге бүгін жақсы көңіл күй сыйлаймын. Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!

Енді өткен тақырыпқа қысқаша шолу жасап, жаңа сабағымызды бастайық. Ол үшін бірнеше тапсырма орындайсыңдар.

«Сиқырлы сандарға» назар аударайық: әрқайсың бір санды таңдап, сол санға байланысты сұраққа жауап бересіңдер. Тапсырмалар орындалған сайын бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады.

Сиқырлы сандар (1–11)

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11

Сұрақ-жауап (аудармамен)

  1. Қазақстан Республикасының астанасы: Астана
  2. Сен қай қалада тұрасың? Петропавл
  3. Шашты немен тарайды? Тарақ
  4. «February» сөзінің аудармасы: Ақпан
  5. «Күз» сөзінің бірінші әрпі: К
  6. Бұл не? (Үй суреті): Үй
  7. Қазақстан Республикасының Президенті: Н. Ә. Назарбаев
  8. Қазақ халқының ұлттық аспабы: Домбыра
  9. Үй жануары, төрт түлік мал: Ешкі
  10. «Өзен» сөзінің аудармасы: река
  11. «Б…р» деген сөзде қандай әріп түсіп қалды? І

Тақырыпты ашу

Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Апта күндері.

Аптада неше күн бар? Жеті күн.

Оларды орыс тілінде де еске түсірейік: кім айтып береді?

3) Жаңа сабақты пысықтау

Дұрыс, өте жақсы. Енді мен сендерге кішкентай ертегі айтып берейін: «Апта» деген ата болыпты, оның жеті ұлы бар екен. Сол ұлдары бүгін бізге қонаққа келіпті.

Бірінші ұлы — Дүйсенбі

Дүйсенбі сендерге тапсырма береді. Интерактивті тақтаға назар аударайық.

1-тапсырма: толықтырып оқы

Жет..., саба..., к...н, қаза...,...пта.

Жақсы, балалар, тапсырманы орындадыңдар. Дүйсенбі сендерге риза болды.

Екінші ұлы — Сейсенбі

Енді Сейсенбінің тапсырмасын орындайық.

2-тапсырма: сұрақтарға жауап бер

  • Сенің атың кім?
  • Сен нешінші сыныпта оқисың?
  • Сен қай мектепте оқисың?
  • Бүгін неше сабақ?
  • Қазақ тілі нешінші сабақ?
  • Бірінші сабақ қай сабақ?

Өте жақсы. Енді Сейсенбі сендердің аттарыңды және қай мектепте оқитындарыңды білді.

Үшінші ұлы — Сәрсенбі

Есік алдына аптаның үшінші ұлы да келіп қалыпты. Оның аты — Сәрсенбі. Ол бізге қандай тапсырма әкелді екен?

Жалғасы келесі бөлімде беріледі.